Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет13/132
Дата17.10.2023
өлшемі1,17 Mb.
#116734
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   132
философиямен
, оның салаларымен 
байланысты үзбейді. Қандай да бір философиялық тұжырымдамалар 
кез келген педагогикалық теорияның негізінде жатады. Философиялық 
ғылымдармен байланыс педагогикаға тәрбиелеу мақсаттарын 
анықтауда, адамның мәнін, табиғат пен қоғамның даму заңдарын және 
т.с.с.-ды түсінуге көмектеседі. Педагогика философияның адамгершілік 
эстетикалық тәрбие проблемаларын шешуге ықпал ететін этика, 
эстетика сияқты салаларымен тікелей байланысты.
Әлеуметтану деректері – заманауи қоғамның жағдайы туралы 
философиялық білімнің тағы да бір саласы – педагогикаға оқыту 
мен тәрбиелеудің «көкейтесті» проблемаларды ғылыми тұрғыдан 
зерттеуді орталықтандыру үшін қажет. Мысалы, әлеуметтанушылар 
облыста, қалада, ауылда және т.с.с. балалардың мектепке дейінгі 
қоғамдық тәрбиеге жеткілікті дәрежеде қамтылмағандықтары жөнінде 
ақпараттар берді. Соның салдары ретінде, балалардың мектепте 
оқуға дайындығының төмен екендігі анықталды. Педагогтың алдына: 
мектепке дейінгі мекемеге бармайтын балалардың даму деңгейін қалай 
2–7463


18
көтеру керек деген проблема туды. Үйде тәрбиеленетін балалардың 
жанұясына түрлі көмек түрлері қарастырылды; халыққа қосымша 
көмек аясы дамытылды; мектептердің жанында мектепалды топтар 
ашылды және т.с.с.
Педагогика адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін
 
психологиямен
етене
 
байланысты. Педагогика, өз кезегінде, 
балалардың психикалық процестерінің, тәртібінің жағымды өзгеруіне 
ықпал ететіндей тәрбиелеу мен оқытуды қалай ұйымдастыру керек 
деген мәселелерді зерттейді. Барлық педагогикалық проблемалардың 
психологиялық негіздемесі бар. Ақыл-ой тәрбиесі проблемасы 
таным процестері мен ақыл-ой даму теориясына сүйенеді; тәрбиелеу 
заңдылықтары тұлғаның психологиялық теориясын ескеру арқылы 
ашылады. Педагогикалық іс-әрекет қорытындылары психологиялық 
көрсеткіштер негізінде шығарылады. Мысалы, оқыту нәтижелері 
жөнінде білім көлемі, оның беріктігі, бейнелілігі, қорытылғандығы, 
ақыл-ой іс-әрекетінің қалыптасқандық дәрежесі бойынша бағаланады. 
Балалардың тәрбиеленгендігі істерінің мақсаттылығымен, оны 
түсінгендік мөлшерімен, өздігінен істей алу деңгейімен және т.с.с. 
көрсеткіштермен анықталады. Оқыту мен тәрбиелеу аясындағы кез 
келген мәселе психологиялық-педагогикалық ұстанымды талап етеді.
Психология мен педагогиканы интеграциялау шекаралық салалар – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет