Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


«Отбасы – мектепке дейінгі мекеме – бастауыш мектеп»



Pdf көрінісі
бет103/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

9.5 «Отбасы – мектепке дейінгі мекеме – бастауыш мектеп» 
жүйесіндегі сабақтастық
Баланың 
мектептегі 
алғашқы 
айлары 
бейімделу 
қиыншылықтарымен байланысты. Ол арқылы барлығы, тіпті мек-
тепке жақсы дайын болған баланың өзі де өтеді. Бұл қиыншылықтар, 
ең алдымен, күн тәртібіне, мектеп ережелерін сақтауға, оқудың 
күрделілігіне байланысты болады. Мұның бәрі проблема туғызады, 
оның үстіне балалардың еркін әрекетке қабілеті өте төмен болады. Бұл 
қиындықтарды болдырмаудың жолы мектепке ұдайы қызығушылық 
тудырып отыру, сабақтарды жағымды эмоциялармен толтырып оты-
ру қажет. Бейімделуде үлкен қиындықтарға дарынды балалар мен 


172
психикалық дамуы тежелген балалар кездеседі. Оларға ерекше, дара 
қарым-қатынас керек.
Мектеп жасына дейінгі бала үшін оқушының бейнесін қалай тар-
тымды және мазмұнды етуге болады? Мектеп және айналасындағылар 
жөніндегі білім ғана маңызды емес, мұғалім мен балалардың, 
баланың құрбыларымен қарым-қатынасының бірлігіне, серіктестігіне
негізделген біртұтас жүйе қажет, сонда ғана білім дұрыс бола-
ды. Серіктестік дағдыларына балалар да, үлкендер де үйренуі тиіс.
Ғалымдар Г. А. Цукерман, Н. К. Поливанованың, С. Н. Жиенбаеваның 
пікірінше, оқу бірлестігі:
• 
симметриялы емес, яғни бала үлкендерді қайталамайды;
• 
үлкенге жақын арадағы олардың бірге істейтін жұмысының оқу 
мақсатын нұсқайтын баланың таным белсенділігіне негізделген;
• 
баланың мұғалімге өзінің қиындықтарына шағымданып емес, 
жаңа білім алудың нақты сұраныстарын айтуды көздейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке келуімен байланысты 
олардың қарым-қатынас аясында, әсіресе ата-аналарымен қатынаста 
қайта өзгерістер болады. Енді бала оның мектептегі жұмыс табыстары 
немесе сәтсіздіктері тұрғысынан бағаланады. Басқаша айтқанда, ата-
ана сүйіспеншілігі кейде баланың мектептегі істеріне тәуелді болады. 
Егер бәрі дұрыс болса, оны жақсы көреді, егер олай болмаса – ұрсады. 
Басқа адамдармен қарым-қатынасы да өзгереді. Баладан мектеп тура-
лы сұрайды, оны мектепте оқығандағы жетістіктері мен кемшіліктері 
тұрғысынан бағалайды. Бұл танымдық қабілеттің өшуіне ықпал етеді; 
мектеп оқушысы рөліндегі өзін-өзі тар мағынада түсінуі қалыптасады. 
Осылайша өзін-өзі бағалау ерекшеліктері, оның оқу нәтижесінен 
тәуелділікке байланысты ерекшеліктер пайда болады.
Дайын болудың тұлғалық, әлеуметтік, интеллектуалдық және басқа 
да компоненттерін қалыптастыру үшін, мектеп жағдайына бейімдеуді 
жемісті қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі мекеме мен мектептің 
өзара әрекетінің сабақтастық тетігін жасау маңызды.
Мұндай тетікті жасауда 
сабақтастық принципі 
жетекші рөл 
атқарады, ол педагогтарды оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, түрлерін, 
әдістерін байытуға бағытталады және балалармен жұмыстың барлық 
кезеңдерінде жағымды нәтижелерді жинақтайды. Сабақтастық мек-
тепке дейінгі мекеме мен мектепте білім беру процесінің кезеңдерінің 
арасындағы байланыстың сипатын алдын ала анықтайды және бұл 
процестің ары қарай даму логикасын алдын ала көруге мүмкіндік береді. 
Бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өткенде баланың сұраныстары, 


173
оның белсенділік сипаты күрделіленеді, жаңа функциялар әртүрлі 
іс-әрекеттерді орындайды. Сонымен бірге баланың өсуі қолда бар 
«жүк»-тің (денсаулығы, дене, психикалық, тұлғалық, интеллектуалдық 
деңгейі, әлеуметтік дамуы және т.с.с.) негізінде жүреді, бұл мектепке 
дейінгі мекеме мен мектептің сабақтастық байланыс орнатуында ерек-
ше маңызды болады.
Білім беру мекемелерінің жұмысындағы сабақтастықтың 
құрылымы күрделі. Мұнда В. И. Логинова бірнеше бағыттарды бөліп 
көрсетеді:
• 
мектепке дейін және мектеп кезеңдерінде оқыту мен 
тәрбиелеудің мақсаттарының, мазмұнының, түрлерінің, әдістерінің, 
құралдарының арасындағы сабақтастық;
• 
мектепке дейінгі мекеме мен мектептің жұмыс бағыттарының 
арасындағы сабақтастық (білімдік, тәрбиелік, дамытушылық);
• 
педагогикалық талаптар мен мектеп жасына дейінгі ересек 
балалар мен кіші балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайларының 
арасындағы сабақтастық;
• 
мектепке дейінгі мекемелер мамандарының (тәрбиешілердің, 
психологтың, логопедтің, қосымша білім беру педагогының және 
т.б.) іс-әрекеті мен бастауыш мектеп мұғалімдерінің арасындағы 
сабақтастық;
• 
мектепке дайындау және бейімдеуде тәрбиелеушілердің ата-
аналарымен сабақтастық жұмыстарын жүргізу.
Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің педагогикалық 
жұмысындағы сабақтастық бірыңғай білім беру кеңістігін жүзеге 
асыруға жағдай жасайды, балаларды мектепте оқуға бейімдеуде 
бірқатар психологиялық қиындықтарды болдырмайды, балалардың 
жаңа жағдаяттарға табиғи түрде енуін қамтамасыз етеді. Мектепке 
дейінгі мекеме мен мектепте педагогикалық процестің бала тұлғасын 
жан-жақты дамытуға бағытталғандығы сабақтастықты орнатудың өзегі 
болып табылады.
Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің жұмысындағы 
сабақтастықты қамтамасыз етудің ұйымдастыру-педагогикалық басты 
шарттарының бірі балаларды мектепке дайындауды қамтамасыз ететін 
іскерлік серіктестік орнату болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет