«Балабақша-мектеп» жүйесіндегі сабақтастық аспектілері
Педагогикалық ағарту жұмыстарының
ақпараттық-ағартушылық
аспектісі
мектепке дейінгі ересек және кіші жаста мұғалімдер мен
тәрбиешілерді білім беру процесі міндеттерімен таныстыруды; білім беру
174
бағдарламаларының мазмұнын зерттеуді; бұл жастағы топтардағы бала-
ларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту ерекшеліктерін зерттеуді қарастырады.
Серіктестік түрі – біріккен педагогикалық кеңестер, семинар-практи-
кумдар, балаларды дамыту, мектепке бейімдеу қиындықтары, мектепке
дайын болудың диагностика әдістері мәселелері жөнінде лекциялар.
Әдістемелік аспект
мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш
мектептегі білім беру ісінің түрлерімен және әдістерімен бір-біріне та-
ныстыру, негізгі оқу пәндері бойынша сабақтарды ұйымдастырудың
түрлері, әдістері, құралдарының арасында сабақтастық орнату.
Серіктестік түрлері – мектепке дейінгі мекемедегі және бастауыш
мектептегі сабақтарға өзара қатысу, талдау, талқылау; дербес әдістемелер
бойынша семинар-практикумдарға қатысу; озат педагогикалық
тәжірибемен бөлісу; оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, түрлері, әдістері
мен құралдарының арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге нақты
ұсыныстар жасау жөніндегі әдістемелік мәжілістер өткізу.
Практикалық аспект
, бір жағынан, мұғалімдердің мектепке
дейінгі мекемедегі өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала таны-
суында, екінші жағынан – бірінші сыныпта оларды оқыту процесінде
тәрбиешілердің өз бітірушілеріне бас-көз болуында көрініс таба-
ды. Бұл мұғалімге өз тәрбиеленушілерін – олардың мінез-құлық, іс-
әрекет ерекшеліктерін ертерек білуіне мүмкіндік береді – ол бірінші
сыныпта педагогикалық процесті ұйымдастыру үшін қажет болады.
Тәрбиешілер мектепте балаларға барғанда олардың бейімделу процесін,
оқуы мен тәрбиесіндегі жақсы және жағымсыз жақтарын көре ала-
ды. Бұл мектепке балаларды дайындау процесіндегі артықшылықтар
мен кемшіліктерді айқындауға көмектеседі, өзінің педагогикалық
жұмысына тиісті түзетулер енгізуіне мүмкіндік береді. Серіктестік түрі
– өзара қатысу.
Жүйелі өзара байланысты жүргізілген педагогикалық жұмыс
пен бейімделу нәтижелері бойынша мектепке дейінгі мекеме маман-
дары мен мұғалімдердің педагогикалық мәжілісі өткізіледі, оның
қорытындысында мектепке дайындау процесін жетілдіру, «балабақша
- бастауыш мектеп» жүйесінде сабақтастықты қамтамасыз ету және
психологиялық-педагогикалық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және
мектепке дайындауда сабақтастықтың басқа да жағдайларын жасау
жөнінде практикалық ұсыныстар қабылданады.
175
Достарыңызбен бөлісу: |