Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет3/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

 Автор


5
1-ТАРАУ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚУ 
ПӘНІ РЕТІНДЕ
Жоспар
1.1 Мектепке дейінгі педагогика ғылым
 
ретінде. Ғылымның пәні. 
Негізгі санаттары.
1.2 Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық негіздері.
1.3 Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі 
функциялары мен міндеттері.
1.4 Педагогикалық білім жүйесі. Мектепке дейінгі педагогиканың 
басқа ғылымдармен байланысы.
1.5 Мектепке дейінгі педагогика оқу пәні ретінде.
1.1 Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде. Ғылымның пәні. 
Негізгі санаттары
Мектепке дейінгі педагогика
– баланы туғаннан бастап мектепке 
барғанға дейінгі тәрбиелеу мен дамыту туралы ғылым. 
Бұл тақырып мектепке дейінгі педагогиканың барлық курсының 
кіріспе бөлімі болып табылады. Ол педагогика ғылымының негізгі 
санаттары, функциялары, пәні, міндеттері туралы түсінік береді. 
Тақырыптың мазмұнын ашқанда ғылым ретіндегі мектепке дейінгі 
педагогиканың жоғары оқу орнында оқытылатын пән ретіндегі педа-
гогикадан айырмашылығын қарастырамыз, оның басқа ғылымдармен 
байланысын, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтаймыз.
Мектепке дейінгі педагогикаға ғылым ретінде анықтама бермес 
бұрын, ең алдымен, «ғылым» ұғымына анықтама беру қажет.
Ғылым 
(жалпы философиялық түсінікте) - қоғамдық сана түрі, ол 
білім алу іс-әрекетін және оның нәтижесін – әлемнің жалпы ғылыми 
көрінісінің негізінде жататын білім жүйесін қамтиды. Бұл қоршаған 
әлемнің мағыналық қасиеттері мен заңдылықтарын ашуға бағытталған 
адам іс-әрекетінің ерекше түрі.
Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде мектеп жасына 
дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мағыналық қасиеттері мен 
заңдылықтарын ашуға бағытталған.
Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде біріне-бірі ұқсамайтын 
үш негізгі элементтермен сипатталады: ғылымның пәні, ұғымдық-
санаттық аппараты және зерттеу әдістері.


6
Сонымен, біз тақырыпты қарастырудың жалпы жоспарын құрып 
алдық. Мектепке дейінгі педагогиканы ғылым ретінде сипаттау үшін 
үш сұраққа жауап беруіміз керек: 
1. Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде нені қарастырады?
2. Ол қандай санаттарды және ұғымдарды қолданады?
3. Жаңа ілімді ашу үшін ғылым қандай зерттеу әдістерін пайдала-
нады?
Осы сұрақтарға жауап беру арқылы біз мектепке дейінгі педагоги-
каны ғылым ретінде сипаттаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет