Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Ғылымның  пәнін еске түсірейік. Ол  берілген ғылым қарастыратын процестер мен құбылыстардың жиыны. Мектепке дейінгі педагогиканың



Pdf көрінісі
бет4/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Ғылымның 
пәнін еске түсірейік. Ол 
берілген ғылым қарастыратын процестер мен құбылыстардың жиыны.
Мектепке дейінгі педагогиканың 
қарастыратын
 пәні 
мектеп жа-
сына
 
дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және білім беру процестерінің 
мағыналық қасиеттері мен заңдылықтары болып табылады.
Сонымен
, мектепке дейінгі педагогика мектепке дейінгі бала-
ларды тәрбиелеу, оқыту және білім беру процестерінің арасындағы 
және өз ішіндегі объективті байланыстар мен мағыналық (басты, 
анықтаушы) қасиеттерді қарастырады. 
Ғылымның пәні оның зерт-
теу облысын және зерттеу әдістерінің бағытталған саласын айқын 
белгілеп көрсетеді.
Мектепке дейінгі педагогиканың ұғымдық-санаттық аппара-
тын 
анықтау үшін ұғым және санат деген не екендігін еске түсіру керек.
Санаттар - 
нақтылы бір ғылымның неғұрлым жалпы және 
іргелі ұғымдары. Басқа бір ғылым үшін осы санаттардың өзі тек қана 
ұғым болуы мүмкін. Бұл ұғым тұрғысынан қорытудың жоғарырақ 
деңгейі.
Ұғым - 
заттар мен құбылыстардың мағыналық қасиеттерін, байла-
ныстары мен қатынастарын бейнелейтін ойлау түрі. 
Зерттеу пәніне сүйене отырып берілген ғылымның іргелі ұғымдарын 
(санаттарды) бөліп көрсетуге болады. Ол - тәрбиелеу, оқыту, білім беру. 
Мектепке дейінгі педагогика тұрғысынан бұлар санаттар болады. Бұлар 
ең маңызды, жетекші, бұл ғылым үшін неғұрлым жалпы ұғым.
Мектепке дейінгі педагогиканың жетекші ұғымдарының мазмұнын 
ашайық. Бұл санаттарды әртүрлі ғалымдар әртүрлі әдіснамалық 
тұрғыдан қарастырғандығын атап өткен маңызды. Соның салдарынан 
- көбінесе бір-біріне қайшы келетін көптеген түсініктер орын алды. 
Әрбір маман бұл ұғымдарды білуі және олардың мазмұнын анықтауда 
өзінің негізгі көзқарасы болуы тиіс. Ғылымның ұғымдық-санаттық 
аппаратын меңгеру маманның педагогикалық мәдениетінің қажетті 
компоненті болып табылады.


7
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет