60
6.
Тәрбиеленгендік
пен
баланың
топтағы
орнының
жағдайлылығының арасындағы тәуелділікті анықтайтын социометрия.
7. Тұлғалық қасиеттердің, мінез-құлық белгілерінің, тұлғаның
бағыт-бағдарының, қабілеттерінің, білігінің дамығандығын бағалаудың
арнайы әдістемесі.
Әдістердің тізімін жалғастыра беруге болады, оларды құрайтын
тәсілдер де ашылған. Педагогтар мен ана-аналардың тәрбиелеу
жұмысының жемісті болуы тәрбиеге кешенді көзқарас болған жағдайға,
мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынаста әдістердің әртүрлі
топтарын пайдалануға байланысты. Балалардың өмір әрекеттерін
ұйымдастырғанда тәрбие – бағытталған процесс, ол табиғи түрде
жүруі тиіс, үлкендердің жағымды үлгі көрсетіп әрбір баланың қол
жетістіктерін мақұлдап отыру қажет екендігін білу аса маңызды.
Әдістерді таңдағанда тәрбиенің нақты мақсаты мен мазмұнын, тұлғалық,
ұйымдастырушылық, психологиялық-педагогикалық жағдайларын
ескеру керек; бір ғана әдіс емес, әдістер жүйесі пайдалану, олардың
үйлесімін келтіріп ауыстырып отыру қажет; мектеп жасына дейінгі ба-
ланы тәрбиелеудің түрлерін, әдістерін және құралдарын қолданғанда
стереотиптерге жол берілмеуі тиіс; тәрбие әдістерін таңдағанда баланың
жас және жеке ерекшеліктерін байланыстырып отыру қажет.
Тәрбиелеудің тиімділігінің қажетті шарты - мектеп жасына
дейінгі баланың дамуының заңдылықтарына бағдарлау, тәрбиелеу
принциптерін сақтау болып табылады.
Заманауи тұлғалық-бағдарлық тәрбиелік парадигмадағы
Достарыңызбен бөлісу: