54
және т.б.), қайта өрлеу дәуірінде пайда болды, кейін ХVIII ғ. фран-
цуз ағартушылары өз еңбектерінде қарастырған. Ресейде мұндай
мақсат қою революционер-демократтардың аттарымен байланы-
сты, кейіннен оны заңдастырылған негізде КСРО (Қазақ кеңестік
социалистік Республикасы) енгізді. Бұл мақсат ЮНЕСКО-ның көптеген
халықаралық декларацияларына енді.
Тәрбиенің мақсаты әлеуметтік сұраныспен анықталады және
мемлекеттік құжаттарда көрсетіледі. Ол жалпылама сипатта бола-
ды және нақтылауға жатады. Бұл мақсаттар диагностикалық сипат-
та болады, олар бойынша нағыз жетістікке жетудің анық және нақты
критерийлері мен көрсеткіштері жасалуы мүмкін.
Көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің
жалпыланған мақсаты оның жүзеге аспайтындығынан, жүзеге асырудың
қандай да бір құқықтық, әлеуметтік, экономикалық жағдайларға байла-
нысты педагогикалық практикада жетіспегендігінен сынға ұшырап жа-
тады, соның салдарынан бұл мақсатқа жету қиынға соғады. Дегенмен,
мақсат-идеал бола тұрып, педагогикалық ақиқатқа қол жеткізуге
ұмтылу аса маңызды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мақсаты мақсатқа
жету траекториясын көрсететін міндеттерде нақтыланады. Метепке
дейінгі тәрбие беру міндеттері мазмұнына қарай – физикалық тәрбие,
ақыл-ой, әлеуметтік-адамгершілік, эстетикалық, еңбек, экологиялық,
жыныстық тәрбие болып жіктеледі. Осы міндеттерді ашып көрсетейік.
Достарыңызбен бөлісу: