5-ТАРАУ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ МЕН ОНЫ ЖАҢАРТУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ Жоспар 5.1 «Білім беру», «білім беру мазмұны», «білім берудің мемлекеттік
стандарты», «білім беру бағдарламасы» ұғымдарының мазмұны.
Білім беру мазмұнының құрылымы (Ю. К. Бабанский, И. Я. Лернер).
Мектепке дейін білім беру мазмұны, оның өзіндік ерекшеліктері.
5.2 Мектепке дейін білім беру мазмұнын реттейтін нормативтік
құжаттар (ҚР «Білім туралы» Заңы, мектепке дейін білім беру туралы
МЖБМБС, білім беру бағдарламалары).
5.3 Мектепке дейін білім беру сапасы және оны өзгертудің негізгі
тенденциялары.
5.1 «Білім беру», «білім беру мазмұны», «білім берудің мемлекеттік стандарты», «білім беру бағдарламасы» ұғымдарының мазмұны. Білім беру мазмұнының құрылымы (Ю. К. Бабанский, И. Я. Лернер). Мектепке дейін білім беру мазмұны, оның өзіндік ерекшеліктері Білім беру – қоғамдық тұрғыда ұйымдастырылған және
мөлшерленген процесс, алдыңғы ұрпақтың келесі ұрпаққа
әлеуметтік маңызды тәжірибені ұдайы беріп отыру нәтижесі
. Білім беру функциясы әлеуметтік тәжірибені беруден тұрады, енде-
ше «білім беру» ұғымының мазмұнын ашып көрсету үшін әлеуметтік
тәжірибе дегеніміз не дегенді анықтауымыз қажет; әлеуметтік тәжірибе
қандай элементтерді қамтиды; қандай әлеуметтік тәжірибе білім беру
мазмұны болады.
Әлеуметтік тәжірибе – адамзаттың жинағанының бәрі, адамдардың
қоғамдық-тарихи практикасы процесінде мәдениетті жаңғырту және
тұлғаның игілігі болуға қабілетті болатындай етіп жасалған әрекеттің
тарихи негізделген құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Әлеуметтік
тәжірибе мәдениетті сақтау және дамыту мақсатында беріледі.
Әлеуметтік тәжірибе жеке адамның игілігі бола ала ма?
Олай болуы мүмкін емес, өйткені бір адам бүкіл әлеуметтік
тәжірибені иелене алмайды, яғни адамның жан-жақты дамуын
69
қамтамасыз ете алатындай әлеуметтік тәжірибенің қажетті элементтерін
бөліп көрсету қажеттілігі туындайды.
Әлеуметтік тәжірибе құрамына қандай элементтер кіреді?