дене дамуы жағынан дайын болуының
жақсы
оқу үшін үлкен маңызы бар. Организмнің дайын болуы морфологиялық
және функционалдық дамуымен анықталады. Егер бала физикалық
тұрғыда әлсіз болса, оған өз денесін ұстау күрделі болады, парта-
да отырғанда тез шаршайтындықтан сабақта жұмыс істеу қиынға
соғады. Жазуды меңгеру үшін бұлшық еттерінің ұсақ топтары дамуы
керек. Одан басқа балада бұлшық еттерінің ірі топтары да, жүгіргенде,
секіргенде, өрмелегенде, лақтырғанда және т.с.с. қозғалыс дағдылары
дамыған болуы тиіс.
Баланың мектепке келуімен байланысты өмір салтындағы
өзгерістер - күн тәртібінің өзгеруі, салауатты оқу, еңбегі, сабақтардың
ұзақтығы, үй тапсырмаларын орындау баладан әжептәуір күш-жігерді
талап етеді.
Мектепке дене дамуы дайын болу көптеген компоненттерді
қамтиды:
•
баланың жақсы денсаулығы;
•
шыныққандығы;
•
ағзасының белгілі бір төзімділігі мен жұмысқа қабілеттілігі;
•
ағзасының қарсы тұруының жоғары дәрежесі;
•
баланың үйлесімді физикалық және жүйке-психикалық дамуы;
•
баланың морфологиялық және физиологиялық дамуының жас
көрсеткіштеріне сәйкестігі;
•
моторикасының жоғары даму деңгейі;
•
баланың мәдени-гигиеналық дағдыларын меңгеруі;
•
жеке гигиена ережелерін сақтау әдетінің қалыптасқандығы;
•
мектеп жасына толуды қалыптастыру.
Интеллектуалды дайын болу
деп баланың оқу әрекетіне көшуін
қамтамасыз ететін іштей ойлауының сәйкес деңгейін айтамыз.
167
Балалардың мектепке интеллектуалды дайын болуына себепші болатын
оқушының жетекші іс-әрекеті – балалардан ой еңбегін, қабілетін және
таным әрекетін белсенділендіруді талап ететін оқу. Баланың мектепке
интеллектуалдық дайын болуы бірнеше өзара байланысты компонент-
терден тұрады, оларға мыналар жатады:
баланың қоршаған дүниеге бағдар алуы;
жаңаны білуге құлқы;
білуге әуестігі;
бейнелеу түсінігінің дамуы;
қарапайым оқу дағдыларының қалыптасқандығы;
психикалық процестердің дамуы;
сенсорлық даму;
білім қоры – ой-өрісі;
білімнің сараланғандығы;
жүйелі меңгерілген білім;
танымдық іс-әрекеттің даму деңгейі;
ойлау әрекетінің жалпы деңгейі (жалпылау, салыстыру,
объектілерді классификациялау қабілеті);
ойлау әрекетінің өзінділігі;
балалардың оқу әрекеті элементтерін меңгеруі;
қарапайым математикалық түсініктерді, ана тілін, сауаттың
алғашқы негіздерін меңгеруде білім, білік, дағдылардың аясының кең
болуы.
Е. Н. Ращикулина ойлау процесінің тұтастық идеясын және
ойлаудың вербалдық компоненттерін (Р. Арнхейм, Л. М. Веккер, Л. А.
Венгер және т.б.), сол сияқты ойлау принциптері – табиғатбейнелеушілік,
мәдениетбейнелеушілік және толықтырушылық принциптерін негізге
алып мектепте оқуға интеллектуалдық дайын болу көрсеткіштерін атап
көрсетті.
Одан басқа, мектепте оқуға интеллектуалдық дайын болу
көрсеткіштерін жасағанда ол Н. Н. Поддьяковтың бала ойлауының
өзіндік даму идеясын ескерді. Бала ойлауының өзіндік даму идеясы,
біріншіден, әрбір ойлау қадамы қандай да бір нәрсені түсіндіргенде,
жаңа, тиянақты нақты білім берген жағдайда, екіншіден, білім жаңа
диффуздық, «анық емес», танылатын объектінің аса белгілі емес
жақтарын көрсететін интуитивтік білімнің туу негіздері болған
жағдайда болады.
168
Достарыңызбен бөлісу: |