Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Педагогикалық ғылымдар жүйесі



Pdf көрінісі
бет12/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Педагогикалық ғылымдар жүйесі
Мектеп педагогикасы 
түрлі оқу мекемелерінде (бастауыш және 
орта мектепте, лицейде, гимназияда және т.б.) оқушыларды тәрбиелеу 
мен оқытудың заңдылықтары туралы бай ғылыми мағлұматтар 
жинақтаған педагогика ғылымының ең ерте салаларының бірі болып 
табылады.
Кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы 
жоғары 
білікті жұмысшыларды даярлауды қарастырады.
Орта арнайы білім беру педагогикасы 
қалыптасу және даму 
сатысында. Ол білім берудің мазмұны мен түрлерін және арнайы орта 
оқу орындарында кәсіби тәрбиелеу проблемаларын қарастырады.
Жоғары мектеп педагогикасы 
жоғары оқу орны жағдайындағы 
оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын, жоғары білім алудың ерекше 
проблемаларын қарастырады.


17
Коррекциялық педагогика 
дамуында түрлі кемістіктер мен 
ауытқушылықтары бар балалар мен үлкендерді тәрбиелеудің, білім 
берудің және түзетудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістері 
мен құралдарын жасайды. 
Естімейтін және нашар еститіндерді оқыту мен тәрбиелеу 
мәселелерімен 
сурдопедагогика 
шұғылданады, көзі көрмейтіндерді 
оқыту мен тәрбиелеу мәселелерімен - 
тифлопедагогика
, сөйлеу 
кемістіктері барлармен – 
логопедия
, ақыл-есі кемдерді оқыту және 
тәрбиелеу мәселелерімен – 
олигофренопедагогика 
шұғылданады.
Педагогика тарихы 
түрлі тарихи дәуірлердегі педагогикалық 
идеялардың дамуын педагогикалық практикамен бірлестікте 
қарастырады.
Дербес әдістеме 
педагогикалық ғылымдардың ерекше тобын 
құрайды, ол білімнің нақты саласын (мектептегі оқу пәндерін) оқытудың 
заңдылықтары мен ерекшеліктерін қарастырады.
Өмірге қоғам талабына сәйкес соңғы кезде педагогиканың отбасы 
педагогикасы, этнопедагогика, өндірістік педагогика, әлеуметтік 
педагогика және т.б. салалары пайда болды.
Педагогика, басқа ғылымдар сияқты, басқа ғылымдармен, әсіресе 
адамзаттық ғылымдармен өзара тығыз байланыста дамиды.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, педагогика философияның негізінде 
жетілді, содан тармақталып бөлініп шықты. Педагогика өзалдына 
дербес ғылым бола отырып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет