Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет20/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Міндеттері 
зерттеу мақсатына жетудің реттелген жолын көрсетеді. 
Оларды мақсатқа жетудің қадамдары ретінде сипаттауға болады.
Зерттеу болжамы -
қарастырылатын процестің (оқытудың, 
тәрбиелеудің, дамытудың, қалыптастырудың және т.б.) тиімділігін арт-
тыру жөніндегі болжамдар. Болжамды зерттеудің пәні мен мақсатына 
қарай құру керек. Болжамның мәтіні мынадай түрде берілуі мүмкін 
«Қалыптастыру процесі… тиімді болады, егер…». Ары қарай 
жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығын көрсететін 
автордың болжамы айтылады.
Әдіснамалық негізі
- зерттеуге негіз болатын фундаментал-
ды ғылыми теориялар, тұжырымдамалар, ережелер. Бұл автордың 
қойылған зерттеу проблемасын түсінгендігін және оны шешуде неден 
бастайтындығын көрсетеді.
Жұмыстың әртүрлі кезеңінде пайдаланылатын
зерттеу 
әдістері. 
Оларға: зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерді тал-
дау, педагогикалық эксперимент, байқау, сауалнамалар, әңгімелесу, 
тестілеу, бағалау және өзін-өзі бағалауды сараптау әдісі, балалардың 


27
(студенттердің) жұмыстарын талдау, эксперимент деректерін 
математикалық жолмен өңдеу және т.б.
Зерттеу кезеңдері мен мерзімі
жұмыстың жүру барысын 
көрсетеді, ұйымдастырушылық, бақылаушылық және реттеушілік 
функцияларын атқарады. Жұмысты орындаудың мерзімін нақты және 
ретті белгілеу зерттеуді уақтылы жүргізуге, қойылған аналитикалық 
және эксперименталдық міндеттерді жүзеге асыруға, педагогикалық 
қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызады.
Зерттеудің
теориялық және практикалық маңыздылығын
анықтау. Зерттеуші жұмыстың педагогикалық теория мен практика 
үшін қандай маңызы бар екендігін анықтайды. Ғылыми жаңалығы, 
теориялық және практикалық маңыздылығы ғылыми-зерттеу 
жұмысының сапасының жетекші критерийі болады және оны фунда-
менталды немесе қолданбалы бағытқа жатқызуға мүмкіндік береді.
Проблеманы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет