Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Ғылыми-педагогикалық зерттеудің



Pdf көрінісі
бет18/132
Дата22.09.2024
өлшемі1,72 Mb.
#145206
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   132
Байланысты:
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Ғылыми-педагогикалық зерттеудің
л
огикасы 
- бұл ғылыми-
зерттеу жұмысын жүргізуді жүзеге асыру реті, зерттеу амалдарының 
реттелген және негізделген алгоритмі. Осы амалдардың логикасына 
сүйене отырып, зерттеуші ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырады. 
Бұл мәселені тақырыптың екінші сұрағы аясында қарастырамыз.
Әрине, ғылыми зерттеуді жүзеге асыру үшін құралдар қажет 
екендігі түсінікті. Бұл құралдар - 
зерттеу әдістері.
Әдістер 
(грек сөзі. 
methodos
– зерттеу, тану жолы) - нақты міндетті 
шешуге бағындырылған шындықты теориялық немесе практикалық 
меңгеру амалдарының, тәсілдерінің жинағы.
Сонымен, біз 
әдіснама
ғылыми-таным іс-әрекетінің құрылу 
принциптерін, түрлерін, тәсілдерін негіздеп беретіндігін білдік. 
Ғылыми-педагогикалық зерттеу л
огикасы 
зерттеу амалдарының 
алгоритмін, ал 
әдістер - 
ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу тәсілдері, 
педагогикалық шындықты танып білуді жүзеге асыратын құрал деп 
түсінеміз.
2.2 Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің логикасы
Тақырыптың бірінші сұрағын ашу үшін біз педагогикалық зерттеу 
деген не екендігін анықтадық, зерттеу бағытына қарай олар фундамен-
талды және қолданбалы болатындығын көрсеттік. Шартты түрде В. А. 
Сластенин 
зерттеу бағдарламасын екі бөлімге бөледі: 
әдіснамалық 
және процедуралық. 
Әдіснамалық 
зерттеудің әдіснамалық аппаратын 
құруды (өзектілігін, тақырыптың толыққанды ашылғандық дәрежесін, 


25
проблеманың қойылуын, қарама-қайшылықтарды, нысанын, пәнін, 
мақсатын, міндеттерін, болжамын, зерттеудің әдіснамалық негіздерін, 
негізгі ұғымдардың берілуі, зерттеу нысанын алдын ала талдау) 
қарастырады.
Екінші бөлімінде - 
процедуралық 
- зерттеудің стратегиялық жо-
спары жасалады, сол сияқты эксперименттік деректерді жинау мен 
талдаудың негізгі процедуралары, зерттеу әдістері анықталады.
Педагогикалық зерттеу белгілі бір логикамен ұйымдастырылады. 
Зерттеу амалдарының ретін толығырақ қарастырайық. Бұл логикаға 
студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын (курстық, бітіру, дипломдық 
жұмыстары) орындағанда да сүйенетінімізді есте ұстауымыз керек. 
Ғылыми зерттеу
 проблемалық өрісті
анықтаудан басталады, одан 
бір проблема бөлініп алынады да, соған байланысты зерттеу 
тақырыбы 
анықталады. Тақырыпты анықтағанда оның өзектілігін, ғылымда 
және практикада қаншалықты зерттелінгендігін, қазіргі кезеңде оның 
қаншалықты маңыздылығын ескерген аса маңызды. Зерттеу тақырыбы 
теория мен тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізудің бастауы бо-
лады.
Таңдалып алынған тақырыптың
 өзектілігін
негіздеу үшін зерттеуші 
дәлелді түрде бірқатар сұрақтарға жауап беруі қажет.
• 
Тақырып неліктен маңызды және дер кезінде қарастырылып 
отыр?
• 
Неліктен оны қазіргі кезеңде қарастыру қажет?
• 
Бұл тақырыпты ашу кәсіптік немесе мектепке дейін білім 
берудің (мамандыққа байланысты) теориясы мен практикасына қандай 
үлес қосады? 
• 
Тақырыптың философияда, психологияда, педагогикада, дербес 
әдістемеде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет