26
педагогикалық теорияның немесе білім беру практикасының та-
лаптары мен оларды қанағаттандырудың нақты мүмкіндіктерінің
арасындағы сәйкессіздік ретінде көрсетіледі. Сол сияқты сәйкессіздік
педагогикалық шындықта туындайтын сәйкессіздіктерді ашуы да
мүмкін. Бұл сәйкессіздіктер педагогикалық процесс, педагогтың не-
месе тәрбиеленушінің тұлғалық ішкі қайшылықтары және т.с.с. болуы
мүмкін.
Зерттеу проблемасы
ізденіс аясын, теория мен практиканы талда-
уды, жұмыстың бағытын көрсетеді. Проблема тақырыпқа байланысты
қойылады.
Зерттеудің нысаны мен пәні
. Нысан педагогикалық қызметтің
кең аясын көрсетеді, оның ішінен жұмыстың авторы тікелей зерттейтін
пәні бөлініп алынады.
Зерттеу мақсаты
күтілетін нәтиженің моделі, зерттеу
жұмысының бағытын көрсетеді. Мақсат - мектепке дейін білім беру
проблемасының теориясы мен практикасын талдау және осы талдаудың
негізінде қойылған проблеманы шешудің авторлық нұсқасын құру.
Зерттеу мақсаты критерийлік сипатта (яғни, диагностикалық) және
зерттеу амалдары түрінде болуы керек (айқындау, анықтау, құру
және т.с.с.). Мұнда зерттеу мақсатын практикалық педагогикалық
қызмет мақсаттарымен шатыстырмау қажет (сабақтар жүйесін өткізу,
тәрбиелеу, үйрету).
Достарыңызбен бөлісу: