47
Баланы ерте жастан және мектепке дейінгі жастан әртүрлі іс-әрекетте
тәрбиелеу, оқыту дамыту проблемаларын зерттегенде зерттеу әдістерінің
тұтас бір жүйесі пайдаланылады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін естеріңізге түсіріңіздер
және атаңыздар.
Мынадай сұрақ туындайды: мектеп жасына дейінгі баланы зерттеу
мақсатында зерттеу барысында, педагогтың әртүрлі әдістерді қолдану
процесінде бала қандай орын алады? Осы және тақырыпқа байланы-
сты басқа да сұрақтарға «Мектепке дейінгі педагогика» курсын оқу
барысында жауап береміз.
«Мектеп жасына дейінгі баланы жас ерекшелігіне қарай дамыту
сипаттамасы» тақырыбы бойынша өзіндік жұмыс
Жоспар
1. Жас ерекшелік кезеңдері. Жас ерекшелік кезеңдерін анықтау
критерийлері.
2. Мектепке дейінгі балалық шақтың жас ерекшелік кезеңдері.
3. Ерте жастағы балалардың жас ерекшелік дамуының жалпы
сипаттамасы. Бұл кезеңде балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік
ерекшеліктері.
4. 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне қарай
дамыту кезеңдерінің сипаттамасы. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі
бағыттары.
Достарыңызбен бөлісу: