50
Локалды мағынада
тәрбиелеу –
баланың қандай да бір қасиетін,
тәртіп әдетін қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі мекемеде білім беру процесінің теори-
ясы мен әдістемесін қарастырғанда біз тәрбиелеудің тар мағынадағы
анықтамасына сүйенеміз. Бұл анықтамада тәрбиенің негізгі
функцияларының мәні – баланың дүниеге, өзіне, басқа адамдарға
көзқарас жүйесін қалыптастыру, оның тұлғалық қасиеттерін,
адамгершілік мәдениетінің негіздерін тәрбиелеу жатыр.
«Тәрбиелеу» ұғымы оған жақын бірқатар ұғымдармен тығыз бай-
ланысты: өзін-өзі тәрбиелеу, өзара тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу. Өзін-
өзі және өзара тәрбиелеу процестері тұлғаның дамуына қызмет етеді.
Олардың айырмашылығы тәрбиелеу ықпалының көзінде жатыр. Бірінші
жағдайда бұл көз - баланың өзі, ал екінші жағдайда - ықпал етуші жақ
ретінде басқа адамдар (балалар, үлкен адамдар) болады.
Достарыңызбен бөлісу: