96
тын қажетті және маңызды байланыстар. Оқытудың заңдылықтары
оқыту процесінде байланыстар кешенін көрсетеді. Оқытудың
заңдылықтары сыртқы және ішкі байланыстарды көрсетеді.
Оқыту принциптері бұл процестің ғылым негіздеген
заңдылықтарынан туындайды.
Принциптер
(негізі, бастауы) –
оқытудағы бастапқы, негізгі талаптар жүйесі, ол талаптарды орындау
тұлғаны дамыту міндеттерін шешудің қажетті тиімділігін қамтамасыз
етеді, олар практикалық нұсқаулар, оқытуды жүзеге асыру жөніндегі
басты талаптар.
Принциптер негізінде нақты педагогикалық ережелер жазыла-
ды.
Ережелер
– тәрбиешінің белгілі бір жағдайдағы оқытудың жалпы
принциптеріне негізделген дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық
мақсаттарға жету үшін жасалған педагогикалық іс-әрекетті суреттеуі.
Ережелер қандай да бір оқыту принциптерін қолданудың жекелеген
жақтарын ашып көрсетеді. Ережелер теориядан практикаға көшудің
өтпелі буыны болып табылады.
Тапсырма:
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту заңдылықтары мен
принциптерінің мазмұнын ашу үшін 1 тақырыптың тапсырма-
сын орындаңыздар, заңдылықтар мен принциптерді кесте түрінде
көрсетіңіздер.
6.5 Мектепке дейінгі мекемедегі оқыту процесінің мазмұны,
түрлері, құралдары
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің мәнін тұтастай
аша отырып, біз оқыту процесінің мазмұнын, түрлерін, әдістерін,
құралдарын, нәтижелерін ашпауымызға болмайды, себебі олар оның
мазмұндық, амалдық-әрекеттік, бақылаушылық-реттеушілік және
бағалау-нәтижелілік компоненттері. Бұл компоненттердің ауқымдылығы
мен маңыздылығы, мектепке дейін білім беру ісінің болашақ
педагогтарының терең ойлануының қажеттілігі бұл проблематикаға
лекциялық және практикалық сабақтарда арнайы тақырыптар арнауға
себеп болды. Бұл лекцияда біз оқыту процесінің барлық құрылымын
жүйелі және толық түрде қамту үшін компоненттерді тезис түрінде
береміз.
Достарыңызбен бөлісу: