Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


-ТАРАУ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет91/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128
9-ТАРАУ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІН БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ ЖӘНЕ 
ОТБАСЫНДА БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА ДАЙЫНДАУ
Жоспар
9.1 «Дайындық», «мектепке дайындық», «мектеп жасына толу», 
«мектепке дайын болу», «сабақтастық» ұғымдарының мазмұны.
9.2 Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды дамыту. Мектепке 
дейінгі мекеменің ересек балалар топтарында педагогикалық процесті 
ұйымдастыру ерекшеліктері.
9.3 Балаларды мектепке жалпы және арнайы дайындау, олардың 
өзара байланысы.
9.4 Мектепте оқуға дайындық мектепке дейінгі мекемеде білім 
беру процесінің нәтижесі ретінде.
9.5 «Отбасы – мектепке дейінгі мекеме – бастауыш мектеп» 
жүйесіндегі сабақтастық.
9.6 Балаларды мектепке дайындау процесіндегі отбасы.
9.7 
Балаларды 
мектепке 
дайындаудың 
психологиялық-
педагогикалық проблемалары.
9.1 «Дайындық», «мектепке дайындық», «мектеп жасына толу», 
«мектепке дайын болу», «сабақтастық» ұғымдарының мазмұны
Балалардың мектепте оқуға дайын болуын қалыптастыру мектеп-
ке дейінгі мекеме мамандарының педагогикалық қызметінің маңызды 
және заңды нәтижелері болып табылады. Мектепке дайын болу – 
педагогикалық процеске қатысушылардың мақсатты бағытты түрдегі 
дайындығының және стихиялық әрекетінің кешенді нәтижесі.
Тақырыптың базалық ұғымдарының мазмұнын ашып, олардың 
өзара арақатысын анықтайық.
Дайындық – жеке адамның ерекше міндеттерін тиісінше орын-
дауына қажетті білім, білік, ұстанымын қалыптастыру және байыту. 
Біздің жағдайымызда – оқушының әлеуметтік ролін орындау және және 
әрекеттің жаңа түрін меңгеру.
Мектепке дайындау – мектеп жасына дейінгі балаларды жалпы 
жан-жақты дамытудың жоғары деңгейін және балаларды оқу пәндерін 
меңгеруге арнайы дайындауды қамтамасыз ететіндей мектепке дейінгі 
мекемеде білім беру жұмысын ұйымдастыру.


150


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет