Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет88/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   128
Орта топ. Тәрбиешінің бұл кезеңдегі міндеті – балаларды ойын-
да неғұрлым күрделі рөлдік болмысқа көшіру, серіктестерінің әртүрлі 
рөлдеріне сәйкес өзінің рөлдік болмысын өзгерту білігін қалыптастыру, 
ойын ролін ауыстыру және ойын барысында серіктесінің жаңа ролін 
белгілеу.
Бұл тәрбиеші екі шартты орындаған жағдайда мүмкін болады: 
басқалармен белгілі бір рөлдік құрылымы бар көп кейіпкерлі сюжеттерді 
пайдалану: рөлдің санының ойыншылардың санымен бірдей болуынан 
бас тарту, сюжеттегі кейіпкерлердің саны ойыншылырдың санынан 
артық болуы тиіс.
Жас ерекшелігі бар топтарда ойынды дамыту практикасында пе-
дагог ойынның кез келген тақырыбын рөлдердің «бұтасы» түрінде 
келтіреді, онда бір негізгі (капитан) және мағынасына қарай бірнеше 
серіктестер (жолаушы, матрос, сүңгуші) болады. Осылай рөлдерде 
тақырып ашылады (пароходпен жүру). Бұл жағдайда сюжет біртіндеп 
ашылады: негізгі және әрбір қосымша кезекпен (капитан және ма-
трос, капитан және жолаушы, капитан және сүңгуші). Негізгі рөл оны 
орындаушы бала үшін әртүрлі байланыстарда өрбиді. Балалармен 
ойнағанда рөлдік өзара қарым-қатынас тәжірибесін алу үшін әркімге 
негізгі және қосымша рөлдерді де ойнауға мүмкіндік беру маңызды. 
Ойында балалар ойын барысында рөлдерін ауыстыруды, ерекеттерінің 
типін және өзара қатынас жасауды үйрену үшін жоспарланатын рөлдер 
ойынға қатысатындардың санынын артық болуы керек. Сюжет алдын 
ала жасалмауы тиіс, ол ойын барысында өрбиді. 5 жасқа қарай 2-3 
қосымша рөл жеткілікті (сатушы – негізгі; қосымша – сатып алушы, 
дүкен директоры, азық-түлік таситын жүргізуші). Ойын үшін ертегілер 
сюжеттерін пайдалануға болады, онда басты кейіпкер біртіндеп ертегі 
кейіпкерлерінің әрқайсысымен кездеседі (Золушка – өгей шеше, фея, 
ханзада). Ойын аяғына қарай екінші рөлді негізгі сияқты енгізуге бола-
ды. Бірдей кейіпкерлердің қатынастары рөлдердің байланыстары мен 


145
арақатынастарын нақты көру әрбір баланың тәжірибесін молайтады.
Педагог ойынның сюжеттік-рөлдік ойынды дамытудың бұл 
кезеңінде көптеген балалармен рөлдік қатынасқа түседі, рөлдік диа-
логты белсенділендіреді, балаларды бір-бірімен рөлдік қатынасқа 
«енгізеді». Ойын еркін импровизациялық сипатта болады. Тәрбиешінің 
әрбір баламен және кіші топтармен ойыны икемді рөлдік болмыс пен 
рөлді ауыстыруға себепші болады, балалардың өздігінен ойнаулары-
на әжептәуір сілкініс береді. Ойында бала құрбыластарымен келісімді 
әрекеттер жасап қана қоймайды, ойлап тапқан серіктесімен, серіктес-
ойыншығымен рөлдік диалогты модельдейді. Балалар айқындалған 
ойын рөлдерін кеңінен және шығармашылықпен пайдаланады
ойыншықтармен, заттармен-ауыстырушылармен шартты амалдар 
орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет