Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


-ТАРАУ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕНІҢ БІРТҰТАС



Pdf көрінісі
бет32/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   128
4-ТАРАУ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕНІҢ БІРТҰТАС 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ
Жоспар
4.1 «Тәрбиелеу», «өзін-өзі тәрбиелеу», «өзара тәрбиелеу», «қайта 
тәрбиелеу» ұғымдарының мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балаларды 
тәрбиелеудің құрылымы мен функциялары.
4.2 Мектепке дейінгі кезеңде баланы тәрбиелеудің мақсаттары мен 
міндеттері.
4.3 Мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесіндегі тәрбиелеу 
процесінің мазмұны.
4.4 Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің негізгі түрлері, 
әдістері және құралдары.
1.5 Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері.
4.1 «Тәрбиелеу», «өзін-өзі тәрбиелеу», «өзара тәрбиелеу», «қайта 
тәрбиелеу» ұғымдарының мазмұны. Мектеп жасына дейінгі бала-
ларды тәрбиелеудің құрылымы мен функциялары 
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу жөнінде жүйелі және 
толыққанды түсінік алу үшін бірқатар негізгі аспектілерді (ұғымның 
мазмұнын, оның өзіне жақын ұғымдармен байланысын) ашайық, 
құрылымын (мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, түрлерін, әдістерін, 
құралдарын, нәтижелерін), тәрбиелеу функцияларын, мектепке дейінгі 
кезеңде оны жүзеге асыру ерекшеліктерін көрсетейік.
Тәрбиелеу – мектепке дейінгі мекемедегі тұтас педагогикалық 
процестің компоненті, оны ұйымдастыру негіздерін біз жоғарыда 
айттық.
«Тәрбиелеу» категориясы ғылымда кең, тар және локалды мағынада 
қарастырылады.
Тәрбиелеу (кең мағынада) – бұл жас ұрпақты өмірге және еңбекке 
дайындауды қамтамасыз ететіндей оған аға буынның өзінің әлеуметтік 
тәжірибесін беруі.
Тәрбиелеу (тар мағынада) – бұл тәрбиеленушілердің тұлғалық 
қасиеттерін, өзіне және айналасындағыларға қарым-қатынас жүйесін 
қалыптастырудағы мақсатты, бағытты процесс.
4–7463


50
Локалды мағынада тәрбиелеу – баланың қандай да бір қасиетін, 
тәртіп әдетін қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі мекемеде білім беру процесінің теори-
ясы мен әдістемесін қарастырғанда біз тәрбиелеудің тар мағынадағы 
анықтамасына сүйенеміз. Бұл анықтамада тәрбиенің негізгі 
функцияларының мәні – баланың дүниеге, өзіне, басқа адамдарға 
көзқарас жүйесін қалыптастыру, оның тұлғалық қасиеттерін, 
адамгершілік мәдениетінің негіздерін тәрбиелеу жатыр.
«Тәрбиелеу» ұғымы оған жақын бірқатар ұғымдармен тығыз бай-
ланысты: өзін-өзі тәрбиелеу, өзара тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу. Өзін-
өзі және өзара тәрбиелеу процестері тұлғаның дамуына қызмет етеді. 
Олардың айырмашылығы тәрбиелеу ықпалының көзінде жатыр. Бірінші 
жағдайда бұл көз - баланың өзі, ал екінші жағдайда - ықпал етуші жақ 
ретінде басқа адамдар (балалар, үлкен адамдар) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет