Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу міндеттері:
Дене тәрбиесі міндеттері – денсаулықты сақтау және нығайту,
дамып келе жатқан организмді жетілдіру, қозғаушы біліктері мен
дағдыларын, денелік сапаларын, мәдени-гигиеналық дағдыларын, дене
тәрбиесі мен саналы өмір салтына тұрақты оң эмоционалдық көзқарас
қалыптастыру.
Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері
– тілін, ойлау түрлерін дамыту, көрнекті-бейнеліден логикалық ойлауға
көшу, дүниетанымын қалыптастыру, сенсорлық эталонды, заттар-
мен жұмыс жасаудың перцептивті (тексеруші) амалдарын меңгеру,
күнделікті өмірде эталондарды пайдалану білігін қалыптастыру, ой
әректі мен ойлау амалдарын дамыту.
Әлеуметтік-адамгершілік тәрбиенің міндеттері – адамгершілік
қасиеттерін, үлкен адамдармен және балалармен өзара қарым-қатынас
орната білу қабілетін дамыту; сезімі мен істеген амалдарын үйлесімде
көрсете білу және басқару; тәртіп мәдениетін тәрбиелеу, адамгершілік
55
сана (талдау және бағалау) қалыптастыру; әлеуметтік тұрғыда
негізделген адамгершілік нормаларын меңгеру, басқа адамдарға, өмірге
оң эмоционалдық қатынас орнату.
Эстетикалық тәрбие – әдемілікті сезіну, әлемге эстетикалық
тұрғыда қарау, көркемдік жағынан дамыту, өмірде, өнерде әдемілікті
бағалай білу және өзі де соны жасай алу білігін қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері – қызмет көрсету білігі мен
дағдыларын қалыптастыру, айналасындағы жақын адамдарына
қамқорлық жасай білу, қарапайым еңбек амалдарын орындай алу, бірігіп
еңбек ету білігі, басқалардың еңбегіне оң эмоционалдық көзқараспен
қарау, кәсіби еңбек мамандықтары туралы білімді меңгеру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетінің
міндеттері – адамның ақылына байланысты болатын табиғатқа
ұқыпты көзқарас қалыптастыру; табиғат субъектілеріне көмек беруге
дайындық (қоректендіру, отырғызу және т.б.), табиғатқа оң көзқарас
қалыптастыру, экологиялық дүниетаным негіздерін білу.
Мектеп жасына дейінгі баланы жыныстық тәрбиелеудің
міндеттері – жыныстық тәртіп негіздерін қалау, дұрыс жыныстық
идентификацияға ықпал ететіндей орта ұйымдастыру; баланың өзінің
жынысымен байланысты тәрбие түрін қалыптастыру; басқа жынысқа
оң көзқараспен қарауға тәрбиелеу.
Балаларды мектепте оқуға дайындаудың міндеттері – метептегі
оқуға балалардың жалпы және арнайы дайындығын қалыптастыру.
Ол үшін жоғарыда аталған міндеттерді шешу және балаларды мектеп
пәндерін оқып меңгеруге және мектепке мотивациялық, әлеуметтік,
тұлғалық, интеллектуалдық, физикалық тұрғыда дайындау арнайы
педагогикалық жұмыстар жүргізу.
Жоғарыда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің негізгі
міндеттері қарастырылды. Оларды іске асыру педагогикалық практи-
када мақсатты орындауға - мектеп жасына дейінгі баланы үйлесімді
дамытуға бағытталады. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбие берудің
мазмұнына сол сияқты құқықтық сана негіздерімен, экономикалық
тәрбие бастамаларымен таныстыру да кіреді. Бала өмірінің әртүрлі аясы
(отбасында және білім беру мекемелерінде, әлеуметтік орталықтарда,
бір-бірімен өзара қарым-қатынаста) оның жан-жақты дамуына
стихиялық және бағытты мақсатты түрде әсер етеді.
|