Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет106/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   292
174
4 - т а р а у.
 
ҰСАҚ МАСШТАБТЫ КАРТАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ. 
КАРТАНЫ ЖАСАУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
4.1. Картаны қоршаған ортаның шындығын та-
нып білуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қолдану.
Картографиялық үлгілеу
Географиялық карта қоршаған ортаның шындығын танып 
білуімізге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі болып та-
былады. Ол құрылыс жүргізу жəне жобалау жұмыстары, табиғат 
байлықтарын тиімді пайдалану, өндіргіш күштерді орналастыру, 
мемлекеттік қорғаныс, жаңа жерлерді игеру, пайдалы қазбаларды 
іздеу, қоршаған ортаны қорғау сияқты халық шаруашылығының 
маңызды мəселелерін шешу мақсатында қолданылады.
Соңғы он жылда география ғылымының циклдарында зерт-
теу құралы ретінде тақырыптық карталар үлкен маңызға ие бол-
ды. Картография теориясының дамуына зор үлес қосқан белгілі 
орыс ғалымы К. А. Салишев қоршаған ортаның шындығын 
зерттеудің «картографиялық əдіс» терминін алғаш рет қолданды. 
Картографиялық əдісте зерттеуді көздейтін үрдісінің аралық 
тармағына оқып үйренетін құбылыстың үлгісі ретіндегі кар-
та жатады. Ол зерттеу құралы жəне көзбен көріп, оқыпүйрену 
мүмкін болмайтын құбылыстардың үлгісі ретінде зерттеу ныса-
ны қызметін де атқарады.
Кеңестік картографияның дамуына зор үлес қосқан орыс 
ғалымы А. В. Гедымин еңбек заты ретінде картаға көп көңіл бө ліп, 
оны картографияның ерекше бөлімі ретінде қарастыруды ұсынды. 
Ол тарихи тұрғыдағы картаны еңбек құралы ретінде қол данудың 
кестесін жасады. Картаны география ғалымдарының ци 
к 
л 
да-
рында іс-жүзінде қолданудың теориялық жəне əдістемелік аста -
рының түйінді мəселелерін зерттеген А. М. Берлянттың ең бек -
терінде картографиялық зерттеу əдістері одан ары терең да мы ды. 
Картографиялық зерттеу əдісі
. Географиялық карталарға 
талдау жасау арқылы құбылыстарды болжауды көздейтін 


175
ғылыми танымның алуан түрлі тəсілдерін
картографиялық 
зерттеу əдістері
дейміз. Танып білудің құралына картадан 
үрдістермен құбылыстардың сапалық қасиеттері мен сандық си-
патын, геожүйедегі өзара байланыстары мен өзара тəуелділіктерін 
оның динамикасы мен уақыт пен кеңестіктегі эволюциясы, 
қазіргі кездегі даму үдерістерін анықтап, болашақ геожүйелердің 
жағдайын болжау кіреді. 
Картографиялық əдіс құбылыстардың кеңістіктікте ор-
наласуын, олардың өзара байланысын, тəуелділігі мен даму 
заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Оны пайдану бары-
сында караларды талдау жəне өңдеудің төмендегідей тəсілдерін 
атап өтуге болады: 
1. Өту арқылы картада кескінделген құбылысты ойша талдау;
2. Құбылыстардың тік бағыттағы құрылымын көрнекі түрде 
көрсетуге мүмкіндік беретін карта бойынша көлденең қима-
сызба, қима, блок-диаграмма, əртүрлі кестетер мен диаграмма-
лар тағы басқаларды құру;
3. Карта бойынша қажетті нысандардың географиялық коор-
динатын, ара қашықтықтығын, ұзындығын, биіктігін, ауданын, 
көлемін,тағы басқа көрсеткіштерін анықтау жұмыстары; 
4. Карта бойынша дақылдардың өнімділігі, халықтың тығыз-
дығы сияқты біртекті құбылыстар мен олардың орнала суын, уа-
қыт ішіндегі өзгеруін, белгісіз байланыстарын, соны мен қатар, тə-
уел ділік коэффицентінің көмегімен əртүрлі құбылыстардың ара-
сын дағы байланыстардың нышандары мен тығыздығын анық тау 
үшін қолданылатын математикалық-статистикалық талдау лар; 
5. Нақтылы бір зерттеулерге қолдануға арналған ыңғайлы кар-
талар алу үшін карталарды түрлендіру; 
6. Картаграфиялық өнімдерді түрлендіру арқылы танымның
жаңа құралын алу мақсатында нақтылы нысандардың, құбылыстар 
мен үрдістердің кеңістіктік үлгісін құру, талдау жүйесі ретінде 
түсінуге болатын картографиялық үлгілеу.
Қазақстан Республикасы аумағындағы негізгі өзендердің 
картографиялық үлгісін құру, алдыға қойған мақсатқа жету үшін 
өте қажет болды. Өйткені бірнеше өзеннің бастауынан сағаға 
дейінгі барлық ұзындығындағы кешенді көрсеткіштеріне сүйеніп 
судың сапасын табиғатта тікелей анықтау мүмкін емес.


176
Синтездік карта нышанындағы үлгіні құру үшін барлық кеңістік 
уақыттық үлгілерге қойылатын талаптарға сəйкес құбылыстың ішкі 
құрылымын қиып алып тастауға тура келді. Соның нəтижесінде 
қосымша талдау карталарды құруға тура келді.
Бізді қоршаған орта құбылыстарын картографиялық əдіспен
та нып білудің төмендегі кездерін сызба-нұсқа түрінде көрсетуге 
бо ла ды:
- бізді қоршаған шындықты бақылау арқылы картаға түсіруге 
қажетті ақпараттар алу;
- өңделген ақпараттардың негізінде картаны құру;
- жаңа қосымша ақпарат алу мақсатында картографиялық 
əдіс
ке тəн тəсілдер жүйесін қолданып, карталар мен карталар 
жүйе сін оқып-үйрену;
- Картографиялық зерттеу əдістерін пайдалану нəтижесінде 
алынған жаңа ақпараттарға негізделіп қажет болғанда жаңа 
картографиялық өнімдер карталарды, көлденең қима-сызба, 
кестелерді оқып-үйренуді қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет