Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


4.2. Ұсақ масштабты карталарды пайдаланып



Pdf көрінісі
бет113/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

186
4.2. Ұсақ масштабты карталарды пайдаланып 
практикалық есептер шығару
Картометрия жəне морфометрия - 
ұсақ масштабты кар-
таларды пайдаланып ірі масштабты карталардағы əдіс бойын-
ша картометриялық жəне морфометриялық есептер шығаруға 
болады. Оларға кез-келген пішіндегі сызықтардың ұзындығы 
мен арақашықтығын, нүктелердің географиялық координатын
абсолют жəне салыстырмалы биіктіктері мен тереңдіктерін, 
қалыңдықтарын, ауданын есептеп шығару жатады.
Көптеген морфометриялық көрсеткіштер салыстырмалы 
болып табылады. Олар ұзындық пен ауданының, ұзындық пен 
биіктіктің, аудан мен бұрыштың арақатынасын көрсетеді. Ұсақ 
масштабты карталар жұмыстық топографиялық картамен негізгі 
айырмашылығы картографиялық бұрмалануды ескеруінде. 
Бұрышты, ауданды, ұзындықты өлшегенде арнайы формуланың 
көмегімен жеке масштабты есептеп шығару қажет.
Ауданды картографиялық тордың 2х2, 4°х4°, 5°х5° жəне 
10°х10° ауданының деректерін пайдаланып та анықтауға болады. 
Мұн дай деректер мұғалімдерге арналған географиялық атласта 
беріл ген.
Картографиялық жинақтау нəтижесінде кескінделген нысан-
дардың жинақталуы есептеулердің нəтижесіне өз əсерін тигізеді.
Біртекті ұсақ ареалдардың көптеген кескінінің (мыса-
лы, топырақтың түрлерінің) ауданын есептегенде өлшеу əдісі 
де қолданылады. Ол үшін белгілі бір аумақта кескінделген 
құбылыстың кескінін қағазға көшіріп, кесіп алып аталдау тара-
зысында өлшейді. Эталон ретінде карталардың масштабының 1 
шақырым
2
сай келетін аумағын кесіп алып өлшейді. Бұл əдіспен 
өлшеудің дəлдігі полярлы планиметрмен жүргізілген өлшеулермен 
сəйкес келеді. Ұсақ масштабты карталарда нысандардың ауда-
нын өлшеуді ауданның бұрмалануы болмайтын тең ауданды 
проекциялармен құрылған карталарда жүргізілген тиімді. Егер 
мұхиттардың, теңіздердің немесе олардың ені бірнеше ондаған 
митуттан 3-4° дейінгі аралықта ауытқитын жəне масштабының 
ауытқуы шамалы жіңішке бөліктерінің ауданын өлшеу қажет 
болса, меридиандар мен параллельдер торын жиілендіру қажет. 


187
Картометриялық есептеу дəлдігін арттыруға мүмкіндік беретін 
картографиялық торды жиілендіру қосымша меридиандар мен 
параллельдер жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Картада мери-
диандар мен параллельдер бірдей қашықтықта жүргізілсе оларды 
теңдей бөліктерге бөледі. Егер меридиандар мен параллельдердің 
арақашықтығы бірдей болмаса градустар саны кіші ендіктерге 
қарай белгілі бір өлшемде жылжытуға тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет