Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Картографиялық əдісті болжау мақсатында пайдалану



Pdf көрінісі
бет120/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   292
196
Картографиялық əдісті болжау мақсатында пайдалану. 
Болжау мақсатында, əсіресе жергілікті жердің динамикасы зерт-
теу көбінесе картаға негізделеді. Белгілі бір уақыт шегінде қалай 
дамитынын бақылап отырған жағдайда ғана оның болашақта 
қалай дамитынын болжауға болады. 
Оқиғаның уақыт ішінде дамуын болжау белгілі бір аумақтың 
əртүрлі уақытта құрылған карталарын пайдалану арқылы 
жүргізіледі. Мысалы, мұндай болжаулар негізінде синоптикалық 
карталар құрылады.
Кеңістіктегі құбылыстарды болжау оны зерттеуге тікелей 
қатысы бар тақырыптық карталарды оқып-үйренуді қажет етеді. 
Атап айтсақ, белгілі бір тереңдіктегі тау жыныстарының жатыс 
бағытын талдауға мүмкіндік беретін геофизикалық карталарды 
қолдана отырып пайдалы қазбалар болжанады.
Қолжетімсіз аумақтардың карталарын құру үшін ғарыштық 
түсірулерді пайдалану экстраполяция əдісіне немесе таныс 
заңдылықтарды географиялық жағдайы мен экономикалық да-
муы бірдей нысанға көшіруге негізделеді.
Болжау карталарына адамдардың шаруашылық əрекеті 
нəтижесінде табиғи ортаның өзгеру карталарын жатқызуға бо-
лады. Оларды құру үшін нысанның немесе өңірдің ағымдағы 
уақыттағы жағдайы ғана емес, өткен кезеңдердегі түрге өзгеру 
сипаты туралы деректер жиналады. Кез келген əлеуметтік-
экономикалық жоспарлау барысында (мысалы, мұнай-газ кен 
орындарын игеру) құбылыстың өзінің ғана емес, қоршаған 
орта жағдайының өзгеруін картаға түсіру қатар жүруі мүмкін. 
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын мониторинглеу 
кезінде карта бойынша болжаудың маңызы артады. 
Карталарға жəне ғарыштық түсірулерге негізделіп құрылатын
болжау карталарының дəлдігі жүргізілетін зерттеулердің 
іргелілігіне, оқып-үйренетін картографиялық ақпараттың 
көлеміне, қисындылығы мен заңдылықтарды экстраполяциялау 
аппаратын дұрыс пайдалануына тəуелді болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет