Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет280/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Көлденең қима-сызбалар 
– жалпы географиялық жəне мазмұны 
бірін-бірі толықтыратын тақырыптық карталарға, сонымен қатар, 
олардың масштабына, шартты белгілеріне негізделіп, белгілі бір бағытты 
бойлай құрылатын жер бетінің көлденең қима-сызбасы.
Курвиметр 
– картадағы қисық сызықтардың ұзындығын өлшейтін 
құрал.
Қалыпты цилиндрлі проекция 
– картографиялық торларды 
цилиндр дің білігі глобустың білігімен сəйкес келетін цилиндрде құру 
арқылы алатын прекция. Жанасатын қалыпты цилиндрде құрылған 
дүниежүзі карталарының картографиялық торлары бірін-бірі перпенди-
куляр қиып өтетін түзу болады. 
Қабатты бояулар тəсілі
– жер бедерінің ірі пішіндерінің алып 
жатқан ауданын, созылған бағытын, биіктігін, тау беткейінің көлбеулігін, 
мұхиттар мен теңіз суларының тереңдігін анықтауға мүмкіндік беретін 
картографиялық бейнелеу тəсілі. Мұхиттар, теңіздер мен көлдер кескіні 
көгілдір бояулармен боялады.
Қатар 
– Гаусс пен Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндрлі проек-
циясында жобаланған
 
4° параллелдер жолағы. Ол латынның бас əріптері мен 
белгіленеді. Қатарларды белгілеу экватордан солтүстік жəне оңтүстік полюс-
терге қарай жүргізіледі. А қатары экватормен 4°, В қатары 4°-8° шекте леді. 
Екі жарты шардағы толық қатардың саны 22 ден 44-ке дейін жетеді.
Локодромия 
– 
 
тұрақты румб түзіп, меридиандарды қиып өтетін жер 
элипсоидының бетіндегі қысқа жол

Лимб
– бөліктерге бөлінген теодолиттің шеңберлі өлшеу құралы.
Масштабтық шартты белгілер 
– картаның масштабына сай қажетті 
нысандар мен құбылыстардың ауданын, созылған бағыты мен пішінін, 
ұзындығын, басқа нысандарға қатысты орнын анықтауға мүмкіндік беретін 
шартты белгілер. Олар аудандық (кескіндік) жəне сызықтық деп екіге 
бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет