452
географиялық (нағыз) жəне магниттік меридианның арасында түзілетін
магнит тілінің ауытқу бұрышы. Ол δ əріпімен белгіленеді. Магнит тілінің
солтүстік шеті нағыз меридианнан батысқа немесе шығысқа ауытқуы
мүмкін. Магнит тілінің батыстық бұрылуы теріс (-) шығыстық бұрышы
оң (+) деп есептелінеді.
Математикалық-картографиялық үлгілеу
– картадан алынған
деректер бойынша үрдістер мен құбылыстардың алуан түрлі кеңістік
пен уақыттың ақпараттарын терең əрі жан-жақты зерттеу мақсатында
математикалық əдіспен құрылған үлгілері. Математикалық үлгіні одан ары
картографиялыққа айналдыру зерттеудің аралық жəне соңғы нəтижелерін
көрнекі əрі кезең-кезеңімен көруге, оның дəлдігі мен дұрыс географиялық
түрленуін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік нивелирлік тор
– барлық геодезиялық жұмыстар мен
топографиялық түсірулерге негіз болатын ғылыми-тəжірибелік мақсатта
құрылатын бүкіл ел аумағында біртұтас биіктік жүйесін түзетін геодезиялық
тор.
Мензульдық түсіру
– жергілікті жердің сұлбасын (планын) дəл
құруға мүмкіндік беретін жергілікті жердегі географиялық нысандар мен
жер бедері бірдей дала жағдайында түсірілетін бұрыш сызатын (кесте)
түсіру жұмыстары.
Меридиандарды жақындату бұрышы
– географиялық меридиан-
дардың солтүстік бағыты мен координаттық тордың тік шақырымдық
сызығының арасында түзілген бұрыш. Меридиандарды
Достарыңызбен бөлісу: