Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет98/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   292
Карталар сериясы. 
Географиялық карталар жеке беттермен 
жəне сериямен басылып шығуы мүмкін. Картографияда серияға 
(латын тілінде қатар, топ) қандай да бір біріктіретін жалпы 
белгілері бар немесе бір текті карталар тобын жатқызады. Оған 
мазмұны бірдей болғанымен, қамтыған аумағы əртүрлі немесе 
мазмұны əртүрлі болғанымен қамтыған аумағы бірдей карта-
лар жатады. Белгілеріне қарай географиялық карталар сериялары 
төменде көрсетілген үш түрге бөлінеді:
1) əртүрлі аумақтардың мазмұны бір текті; 2) бір аумақтың 
мазмұны əртүрлі; 3) бір аумақтың мазмұны біртекті.
Əртүрлі аумақтардың мазмұны бір текті географиялық 
карталар сериялары. 
Мұндай карталар серияларын басып 
шығарғанда бір-біріне тəуелсіз əр қайсысын жеке пайдалану шар-
ты қойылады. Оларды бірлесіп пайдалану қарастырылмағанымен 
қолданылуы мүмкін. Өз кезегінде бірдей масштабта құрылатын-
дықтан мұндай карталар түрі жағынан біршама ірі аумақты 
үздіксіз кескіндейтін (жаппай картографиялық кескіндеу) көп 
бетті топографиялық шолу карталарымен үйлеседі. Олардың 
географиялық негізгі қызметін гидрографиялық торлар атқарады.


158
Жаппай картографиялық кескіндеуі бар карталарға облыстардың 
əкімшілік-аумақтық бөлінуі, елді мекендер мен қатынас жолдары
айқын бейнеленген саяси-əкімшілік анықтама карталар серия-
сы мысал болады. Бұл сериядағы басқа карталарда аумақты жап-
пай үйлесімді кескіндеу берілмейді. Олар бірдей масштабта жеке 
беттерде басылғанымен бір-бірімен байланысы болмайды. Оған 
елдімекендер, жолдар, өзен торлары мен орман алқаптары тағы 
басқалар кескінделген облыстардың туристік карталары жатады. 
Аталған карталарда туристер үшін аса маңызды тарихи-мəдени 
жəне табиғи нысандар, туристік бағыттар мен базалар ерекше 
бөліп көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет