162
500 000; 1:10 0 00 00 жəне 1:15 000 000 масштабта құрылған 102
картаның картографиялық мəліметтерін қамтыған.
Тақырыптық мазмұны ерекше жинақталған.
Ақпараттарды
беру əдістері көңілге қонымды əрі түсінікті. Табиғат картала-
рында еліміздің геологиялық құрылысын, климат түзуші фактор-
ларын, жауын-шашынның, ауа температурасы мен желдің жыл
мезгілдеріндегі таралу ерекшеліктерін жануарлар мен өсімдіктер
жамылғысы, пайдалы қазбалар масштабты жəне масштабтан тыс
белгілеу, картограмма, ареал,
қозғалыс белгілері, изосызықтар
шартты белгілермен кескінделіп, таралған аумақтары ареал
тəсілімен берілген.
Физикалық картада таулар, үстірттер мен ойпаттар сияқты
жер бедерінің ірі пішіндері перспективті гипсометриялық қабатты
бояулармен кескінделген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Атласының екінші
томы 2005 жылы əзірленген жəне 117 картадан тұрады.
Қазақстан Республикасындағы əлеуметтік-экономикалық жəне
демографиялық ахуал туралы ауқымды ақпарат қамтылған.
Атлас шаруашылық кешенді жəне Қазақстанның қазіргі
қоғамдық өмірін бейнелейтін тақырыптық
мазмұны еліміздің
қазіргі демографиялық ахуалы; əлеуметтік саласы, өнеркəсібі, ауыл
шаруашылығы жеке облыстардың экономикасы жəне əлеуметтік
саласы, тарихы мен археологиясы, сыртқы экономикалық байла-
ныстар жəне əлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның орнын си-
паттайтын карталар қамтылған.
Өнеркəсіп орталықтары сала бойынша бірнеше бөліктерге
бөлінген белгілеу, картограмма, картодиаграмма, нүктелік
тəсілдермен бейнеленеді. Ауыл
шаруашылық аудандарын ашып
көрсету үшін сапалық түс, жекелеген дақылдар өсірілетін
аумақтардың шекарасын көрсетуге ареал тəсілі қолданылған. Ат-
ласта көрнекі материалдардың саны азайтылып, олардың орнына
кесте түрінде статистикалық көрсеткіштер берілген.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Атласының үшінші томы
2006 жылы əзірленді жəне 127 картадан тұрады. Экологиялық
білімді, білім беру жəне тəрбиені, табиғатты қорғау қызметін
іс-жүзінде картографиялық негіздеуге арналған. Атластың III
томындағы мəліметтер экологиялық дағдарыс зардаптарының ал-
163
дын алу жəне жою бағдарламасының негізі ретінде,
республиканың
табиғи ортасына антропогенді факторлар əсерінің нəтижелерін
бейнелейді.
Атластың үшінші томы қоршаған ортаға антропогендік
факторлардың əсерін, Қазақстан табиғатының қазіргі экология-
лық жағдайларын, экология жəне адам мəселесін еліміздің жеке
аймақтарының экологиялық жағдайын, сонымен қатар, табиғат-
ты қорғау мəселелерін қамтиды.
Атластың электрондық нұсқасы табиғи ортаның ахуалы туралы
білімді жетілдіру жəне табиғатты пайдалану
жаңа міндеттерінің
қалыптасуына қарай үнемі жаңалануы мүмкін экологиялық мо-
ниторинг жүргізудің картографиялық базасы болады.
Достарыңызбен бөлісу: