107
Сонымен қатар, онда қазіргі Ресейдің артикалық бөлігі мен
полюс айқын бейнеленген. 1980 жылдары ол жаңа, біршама
жетілдірілген заманауи проекциямен алмастырылды. Цилиндрдік
проекциялардың басым бөлігі ірі масштабты құруға қолданылады.
Красовскийдің теңаралық қалыпты конусты проекция-
сы
. Красовскийдің проекциясындағы картографиялық тор қиып
өтетін қалыпты конуста құрылған. Оны есептеу барысын
да
қойылған негізгі талаптар басым бөлігі 40º-73ºс.е аралығында
КСРО-ның орналасқан аумақта іс жүзінде ауданның бұрама-
лануының болмауы, бұл ендіктердің
шетіндегі параллельдерде
ұзындық масштабтың тең болуы ескерілген. Торының пішіні
қалыпты конусты проекцияға тəн қасиетке сəйкес келеді.
Бұл проекцияда нөлдік бұрмалану сызығы глобус пен қосалқы
геометриялық жазықтық жанасатын 50º-68º ендіктердегі парал-
лельдерде орналасқан. Пішіні доға тəрізді. Меридиандарының
аралықтары тең болғандықтан
олардың бойындағы ұзындық
масштабы бас масштабқа жақын (
m=
0,997). Оның салдары-
нан параллельдердің бойында да ұзындықтың, ауданның жəне
пішіннің бұрмалану көрсеткіші бас масштабқа жақын болады.
Бұл көрсеткіштердің абсолют мəні аз болғандықтан проекцияда
қамтылған КСРО-ның басым бөлігі тең аудандыққа жақын.
КСРО шекарасының оңтүстігіндегі, сонымен қатар, Солтүс-
тік жер, Жаңа Сібір аралдарының жəне Таймыр түбегінің
біраз
бөлігіндегі параттельдердің аралықтарындағы ауданның бұр-
малану көрсеткіштері бірліктен небəрі 0,05 өлшемге артық
(
р=
1,05). Тек жоғарыда аталған аралдар мен түбектің солтүстігінде
ғана ол одан да артады [2.38-сурет]. Сонымен қатар, картаның
шетіне қарай бұрыштың бұрмалану көрсеткіштері де артады.
80º с.е параллельге жақындаған
сайын бұрыштың бұрмалануы
ω көрсеткіші 10º жетеді. Красовскийдің қалыпты конусты про-
екциясымен құрылған қазіргі ТМД елдерінің (бұрынғы КСРО-
ның) картасында салыстырмалы түрде бұрмалану онша үлкен
болмағанымен, оны кескінделген қосындардың арақашықтығын
біршама дəл өлшеу қажет болғанда ескеру қажет [2.37-сурет].
Ондай есептеуді орындау барысында картадағы екі қосынның
аралығындағы түзу сызықты өлшеп номограммадан табылған
түзету коэфициенті К
0
көбейтеді [2.38-сурет].