2.36 сурет.
Ауданның изокалдары бар Соловьевтің проекциясымен
құрылған картографиялық торы
Солтүстік полюс нүкте түретінде бейнеленген. Орталық
меридианға перпендикуляр жүргізілген кіші шеңбердің нөлдік
бұрмалану сызығы өтетін 60°с.е. пен 100°ш.б. қиылысында
бұрмалану жоқ. Бұл сызықтың солтүстігінде ауданның жеке
масштабы Р бас масштабтан үлкен. Солтүстік Жер аралдары ау-
данында ол көрсеткіш 2,0 тең. Нөлдік бұрмалану сызығының
оңтүстігінде ауданның бұрмалану көрсеткіші Р кіші.
Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің Қытаймен, Иранмен,
Ауғанстанмен шектесетін шекарасында Р бұрмалану көрсеткіші
0,7 тең. М. Д. Соловевтің
қиып өтетін көлбеу цилиндрлі еркін про-
екциясы 1937жылы бұрмаланған КСРО-ның карталарына арнап
құрылған. Оны бастауыш саныптардың табиғаттану пəніндегі
КСРО-ның карталарда қолданылған.
Бұрынғы КСРО-ның басқа карталар мен салыстырғанда бұр-
малану көп болғаны мен көптеген əдістемелік артық
шы
лық-
тарының болуымен ерекшеленеді. Атап айтсақ, Соловьев
тің
про ек циясында картографиялық торлары пішіні мен картаны
кескінделу ерекшеліктері бұрыңғы КСРО мен онымен шектесетін
аумақтар сфералық бет ретінде көрсететіндігі.
107
Сонымен қатар, онда қазіргі Ресейдің артикалық бөлігі мен
полюс айқын бейнеленген. 1980 жылдары ол жаңа, біршама
жетілдірілген заманауи проекциямен алмастырылды. Цилиндрдік
проекциялардың басым бөлігі ірі масштабты құруға қолданылады.
Красовскийдің теңаралық қалыпты конусты проекция-
сы
. Красовскийдің проекциясындағы картографиялық тор қиып
өтетін қалыпты конуста құрылған. Оны есептеу барысын
да
қойылған негізгі талаптар басым бөлігі 40º-73ºс.е аралығында
КСРО-ның орналасқан аумақта іс жүзінде ауданның бұрама-
лануының болмауы, бұл ендіктердің шетіндегі параллельдерде
ұзындық масштабтың тең болуы ескерілген. Торының пішіні
қалыпты конусты проекцияға тəн қасиетке сəйкес келеді.
Бұл проекцияда нөлдік бұрмалану сызығы глобус пен қосалқы
геометриялық жазықтық жанасатын 50º-68º ендіктердегі парал-
лельдерде орналасқан. Пішіні доға тəрізді. Меридиандарының
аралықтары тең болғандықтан олардың бойындағы ұзындық
масштабы бас масштабқа жақын (
m=
0,997). Оның салдары-
нан параллельдердің бойында да ұзындықтың, ауданның жəне
пішіннің бұрмалану көрсеткіші бас масштабқа жақын болады.
Бұл көрсеткіштердің абсолют мəні аз болғандықтан проекцияда
қамтылған КСРО-ның басым бөлігі тең аудандыққа жақын.
КСРО шекарасының оңтүстігіндегі, сонымен қатар, Солтүс-
тік жер, Жаңа Сібір аралдарының жəне Таймыр түбегінің біраз
бөлігіндегі параттельдердің аралықтарындағы ауданның бұр-
малану көрсеткіштері бірліктен небəрі 0,05 өлшемге артық
(
р=
1,05). Тек жоғарыда аталған аралдар мен түбектің солтүстігінде
ғана ол одан да артады [2.38-сурет]. Сонымен қатар, картаның
шетіне қарай бұрыштың бұрмалану көрсеткіштері де артады.
80º с.е параллельге жақындаған сайын бұрыштың бұрмалануы
ω көрсеткіші 10º жетеді. Красовскийдің қалыпты конусты про-
екциясымен құрылған қазіргі ТМД елдерінің (бұрынғы КСРО-
ның) картасында салыстырмалы түрде бұрмалану онша үлкен
болмағанымен, оны кескінделген қосындардың арақашықтығын
біршама дəл өлшеу қажет болғанда ескеру қажет [2.37-сурет].
Ондай есептеуді орындау барысында картадағы екі қосынның
аралығындағы түзу сызықты өлшеп номограммадан табылған
түзету коэфициенті К
0
көбейтеді [2.38-сурет].
|