Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет113/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   140
Жəмила!
Мұнша неге жүдедің?
23–853


346
Бетіңде тамшы қан жоқ қой, 
Жаралы неге жүрегің?
Тегіңде терең зар көп қой!
Сарғаймашы, бауырым! –
деп, қаламаған жанға барып қорлық көрген қазақ қызының 
қайғысына ортақтасып, жан-жүрегі елжірейді. Оған құрғақ 
қайғырмай, мұңды қыздың естен кетпес суретін сөзбен салады. 
“Жас сұлуға” деген өлеңінде:
Жас періштем, сұлу қыз,
Сүймеші, сүйме, сұраймын!
Мен ақынмын тұрлаусыз,
Жырлаймын да, жылаймын! –
деп, əйел жанының нəзіктігін, ақын жанымен салыстырып, əйел 
махаббатының тұрақтылығы мен беріктігін құрмет тұтады.
Мағжанның “қара сөзбен жазылған өлең” деп айдар таққан “Дом-
быра” деген шығармасында нəзік жаны жараланып, тағдырдың 
тəлкегіне түскен жас сұлудың қайғылы сəті, қаралы бейнесі 
суреттеледі. Домбыраның “Адамды қалың ойға батыратын, белгісіз 
қорқынышқа түсіретін жат, ауыр бір үніне” алыстан тағы бір зар-
лы дауыс қосылады. Бұл əйел даусы. “Мұңды бір дауыс жақындап 
келеді. Нəзік зарлы дауыспен біреу ақырын ғана өлең айтқандай… 
Əйел дауысы… “Бізден сорлы жалғанда жан бар ма екен?! Өзің 
рақым қыла көр бір жасаған”, – дейді əйел… Түнде сар далада за-
рын айтып күңіренеді əйел… Ауыр қасірет, қалың қайғыға ама-
лы құрып, жалғыз жасағанға мұң шығады, жалынады, зарланады 
əйел”… Қара сөзді өлеңнен, жанды түршіктірер домбыраның зарлы 
бебеуімен астасқан əйелдің зарлы үнінен өзгеше əлем ашылғандай, 
қос мұңлық үніне қосыла жүрегің жылағандай. Немере қарындасы 
Шолпанға арналған ақын тебіренісінен, “періштедей пəк қыздың” 
бүгінгі мұңлы бейнесін көріп, бірге елжірейсің. Бедерлі де бейнелі 
сөз өз дегеніне жеткендей. Мұнда өзгеше бір өрнек бар. Ақын жа-
уаптыны іздемейді, жаны жаралы жанның қайғысына жүрегіңді 
егілтеді. Өзгенің өзегін өртеген шоқ сенің де жаныңды күйдіреді.
Ақын қасіретті сұлудың көңіл пердесін ашып, сəуле түсіріп 
мұңын жан-тəнімен түйсініп, қосыла егіледі: “Денем күйді… 
Жүрегім ауызыма тығылды. Көзімнен ыстық жас төгілді… Дом-
быра да күңіренеді, зарлайды… Ақырын жассыз жылайды, Жыла, 


347 
домбыра, жыла!” Өлеңді (қара сөзді) оқып отырғанда жаныңды бір 
мұңға толы саз баурап алады. Сөзбен өрілген сырлы суреттер мұңлы 
саз арқылы сезім пернелерін дөп тауып басып, қайғылы сұлумен де, 
ақынмен де біте қайнасып, бірге қайғырмасқа лажың қалмайды.
Мағжан ақын əйел затына сүйген жар, ардақты ана, асыл əже 
деп бəрімізге түсінікті ұғым тұрғысынан қарамай, оны табиғаттың 
өзгеше жаратылысы, тіршіліктің бастауы деп ұғынған. Оның 
санасындағы əйел бейнесі – періште. Əйел ана - тіршілік тұтқасы, 
сүйген жар – отты сезімнен жаралған өмірге құштарлықтың құдіреті, 
ару қыз – пəктік пен ақтықтықтан жаралған сұлулық əлемінің сим-
волы. Ақынның осынау жаратқанның өзі сұлулықтың ең озық үлгісі 
ретінде дүниеге келтірген əйелді ардақ тұтып сол тақырыпқа жазған 
өлеңдерінің бірі – “Əйел”. Осы өлеңінде Мағжан əйел ұлылығын 
алға тартады. Сондықтанда əйелдің мəдениеттілікке, сауаттылыққа 
деген құштарлығын ерекше көтеріп, ерлермен тең құқық беруге 
үндейді. Бір қарағанда басқа ақындардың əйел теңдігі тақырыбына 
жазған өлеңінен несі артық деп ойлайсың, ал шын мəнінде:
Кешегі əйел періште,
Адамды бастар ғарышқа,
Жүзі жарқын нұрлы айдан.
Еңіретіп күң ғып сататын,
Еріккенде ойнап жататын
Болды да қалды бір хайуан, –
деген өлең жолдары арқылы əйел-ананың періштедей күйінің бүгінгі 
күні тəлкекке түскеніне, түсіргенімізге өкінеді. Əйел жанын Мағжанша 
түсіну – кез келгеннің маңдайына жазыла бермес ерекше қасиет.
ХХ ғасырдың басында əдебиет əлемінде қатар қанат қаққан 
ақындардан Мағжан Жұмабаевтың басты ерекшелігі өлең өрімінің 
өзгеше сұлулығы мен саздылығында, бұрынғыдан сақталған ырғақ 
пен əуезділік үрдісінің жаңа үйлесім табуында. 
Мағжан туған табиғатты жырлап, кіршіксіз тазалықты, сезімнің 
тұнба тұнығын содан іздейді. Ақынның шерлі жүрегі соған ғана 
тағат тапқан. Ол тұған табиғаттың сұлулығын паш етіп, адам мен 
табиғат бірлігінен нақтылық іздеді. 
Ақынның табиғатты жырлаған өлеңдері: “Қайық”, “Жел”, 
“Толқын”, “Көкшетау”, “Алатау”, “Жазғытұры”, “Күз” жəне т.б. 
Оның лебінен жылылық ескен əдемі өлеңінің бірі – “Жел”. 


348


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет