Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет125/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   140
Жүрсең – жер, күлгенде – көк сүйінеді
Ағаш – шөп сəжде қылып иіледі.
Аспанның ажарлысы Ай менен Күн
Көркіңді көріп таң боп күйінеді.
Алдыңнан əлде қашан бұлт қашқан,
Құлдықта қол қусырып жер мен аспан.
Айнадай ай жүзіңнің ажарынан
Ұялып жұлдыз біткен бетін басқан…
Бірте-бірте жер-əлем кезіп кеткен көңіл-күй бастығып, мөлдір 
сезім, шын көңіл шынайы өмірге оралады. Ақын енді айдай сұлу 
ажарлысының тек сырт көркі мен түрін ғана емес, оның ішкі жан 


376
дүниесін жарқыратып ашып, ақылы мен білімі, байыпты да биязы 
мінезі өрнекті өлеңге айналады. Барлық асыл қасиет пен жалғандағы 
жақсы сипаттар – парасатты кемел ой мен кенен ақыл, жүйрік зерде 
мен алғыр ой, дархан көңіл мен қызыл тіл соның мінсіз болмысы-
нан табылып, ай мен күн ұялып бетін басқан ажарлы көрік пен таза, 
мінсіз ақыл-ой сұлудың өзіндік болмыс-бітімін ерекшелей түскендей. 
Б. Күлеевтің сүйіспеншілік тақырыбына жазылған бұл өлеңіндегі 
лирикалық қаһарманның өз сүйгенінің асыл қасиеттерін ардақтаған 
сезім – күйі шығыс поэзиясы классиктерінің шығармаларындағы 
ғашықтық жүрегін оттай жандырған лирикалық кейіпкерлердің сезім 
сырларымен үндес. Адамзат поэзиясында мəңгі үзілмес алтын жіптей 
бұл тақырып оның көңілін де бейжай қалдырмаған. Бернияздың 
бұл өлеңі Шəкəрімнің “Шын сырым” өлеңімен өрелене қауышып
айқұшақ табысып жатыр. 
Күн батып жоғалды
Нұрыңнан ұялып,
Жұлдыз бен ай қалды
Сəулеңнен нəр алып.
Шығысты Шəкəрімнен артық білер жан бар ма? Оның бар 
жауһарын игерген жан емес пе ол?!
Бернияздың көп өлеңдерінде жастық шақтағы уыз сезім 
жиірек сөз болатыны түсінікті де. Ақын көбіне өзі куə, өзі білетін 
жайларды, яғни өзі бастан өткерген күйді өлеңіне арқау еткен. 
Сондықтан да ақын сол сезімнің тазалығын, əсемдігін жырлай 
отыра, асыл сезімді аяққа таптағысы келетін əділетсіздік пен 
арамдықты да естен шығармайды. “Қайтер едің” атты ұзақ өлеңі 
осындай жайға арналған. Осы өлеңнің алғашқы жолдарында 
бозбала, балғын жасқа ақ періштедей əсем қыздың сыр ашқаны 
арқау болған. 
Жалғандағы жан жарым деп ойласа,
Махаббатың мейіріміне тоймаса,
Жатса-тұрса жалғыз соның тілегі,
Басқа қиял ойында да болмаса
…Жас өмірде жолығам деп арманға,
Шын сүюді санамашы арзанға!
Екі жүрек кəмілдікпен қосылып,
Алғанымен болса риза жалғанда… 


377 
Қос ғашықтың, екі жүректің қосылуы бір сəтке ақынды 
сүйсіндіргендей болса да, ол өмірде тілек-арманның бұлайша 
үнемі тоғыса бермейтініне баса назар аударады. Өйткені күнделік 
тіршілікте ізгілік пен жауыздық жұп жазбай іргелес жүреді. Уыз 
жасқа көз тігетін арам ниетті жандар аз емес. Ауыр жағдайда екі жас 
не істеуі керек? Намыс жыртып күресу қажет пе, əлде “құдай салды, 
біз көндік” деп мойын ұсынып, отыра бере ме? Бұл арасын ақын 
ашып айтпайды, көмескі қалдырады. Өйткені ерік сүйген жүректе, 
сүйіскен жастарда. Тағдыр талдауы солардың өз қолында. Жалған 
үгітпен үкім ете алмайсың. Жалпы Бернияз ғашықтық өлеңдерде 
бір желіні берік ұстанған. Ол – ақ, адал махабатты жырлау. Сезімге 
адалдық пен сертке беріктікті дəріптеу.
Ақынның махаббат тақырыбын арқау еткен ендігі бір өлеңі – 
“Гүлəндам”. Ақын сүйген жарына назын білдіріп, оның сұлу көркі 
мен жібек мінезіне қызығатынын да, қызғанатынын да ешбір жа-
сырмайды.
Ақ төсіңді,
Қар етіңді,
Жаным жатқа көрсетпе…
Өйткені:
Бақ алманың
Дəмін, мəнін
Білу қайда есекке?! 
Осылайша тіке кетіп, жас сұлуға қатты ескертудің себебі неде? 
Өйткені тəн сұлулығын да, жан сұлулығын да ұғыну үшін көкіреккөз 
ашық болу керек. Пасық көңілмен асылдың қадіріне жету мүмкін 
емес. Ақыр аяғында:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет