147
Жібектей шашын тараса,
Қалмайды халің,
Шығады жаның
Қиғаштап көзбен қараса.
Бұл дүниеде қыз қызық,
Бозбалада ой бұзық.
Міне, бұл – жастықтағы ыстық сезімнің суынбас сұлу суреті.
“Аһ, дүние, дүние! Ақылға сонда кім ие” деп, естен танар сəт.
Шəкəрім
оны ешбір қоспасыз, сезім келіп жүрекке тұнып қалған,
бүкіл сана, ақыл-ес соның от-жалынына күйіп-жанған сəтті əрі дəл,
əрі мейлінше əсерлі суреттейді. Шəкəрім шығармашылығы кең жай-
ылмай тұрған кездің өзінде “Совет жастарының” бұл өлеңді жатқа
оқуы – ақынның жастықтың уыз табиғатын үлбіретіп жеткізуінен
болса керек.
Жастықты мас көңілдің астамшылығымен Шəкəрімнің
осы бір
тұста даналық қазынасы – қариялықты түкке алғысыз етіп тастаған
тұсы да бар:
Жастықтан қызық іс болмас,
Кəрі де ақыл, күш болмас…
Қызусыз тəнің,
Сезімсіз жаның –
Болады кəрілік белгісі.
Оны да сезбей,
Үмітін үзбей,
Келмейді шалдың өлгісі.
Алпыстан əрі бармаңдар,
Байқамай шал боп қалмаңдар!
“Сап-сап көңіл”, сабырдың иесі Абай бұған:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқты-барды, ертегі термек үшін,
Көкірегі сезімді тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, –
деп басталатын өлеңінде ескерту жасап,
жастық буымен ойы
аспан-көкті шарлап жүрген албырт ақынның асқақ сезімін сабырға
шақырып, арлы өлең жазуға ақыл береді:
148
Сөз айттым “Əзірет Əлі, айдаһар сыз”,
Мұнда жоқ “алтын иек, сары ала қыз”.
Кəрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз…
Өлеңі бар, өнерлі інім сізге
Жалынамын мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып кетер түзге.
Сəнқой, даңқой, ойнасшы, керім-кербез,
Қанша қызық болады өзіңізге.
Міне, бұл – Абай мектебі! Данышпан ұстаз ақын інінің өнер жо-
лын бағдарлап, асылын танып, жасығын осылайша сынап отырған.
Шəкəрімнің ақын ретіндегі бақыты да осы емес пе?! Ақынның аға
ақылын
тез алып, жылтырақ пен жарқыраққа əуес бола бермей,
сезімнің шынайы сырын ашуға ұмтылуын
өз бойындағы табиғат
сыйлаған дарынды тереңнен танып,
өнердің шынайы құдіретін
ұғынуынан деп білеміз. Ол ұстаз ұстанған ұлы мақсатты айқын
аңғарып, ағаның жан-дүниесін өзіндей тани білді. Сондықтан да ой-
лары үндес шығып, сырлары бір бірлік бойынан табылып жатады.
Абайдың көзі тірісінде жазылған “Жастарға” атты өлеңінде Шəкəрім:
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айла, зорлықсыз мал табалық,
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,
Бір білімді данышпан жан табалық.
Ал енді олай болса кімді алалық?
Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?
Достарыңызбен бөлісу: