Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет60/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Милет көзін ашуға,


187 
Терістіктен қашуға.
Заманаға көз салып,
Аяқты жөндеп басуға. 
Ақын ойының түп негізі – білімнің ұлы күшін сезіндіру. Оны ел 
игілігіне айналдыру. Сұлтанмахмұттың осы өлеңінде сөз арасында 
айтылған тəрізді көрінетін, ашық айтпаса да анық сезіліп тұрған, 
сөз түсінер жанға ұғынықты бір ой қылаң беріп қалады. Өлеңдегі 
негізгі ойдан алшақтау болса да, осы бір жолдың арқалаған жүгі 
ауыр, көздегені алыс.
Өнер тұқымын егуге,
Жарыққа қарай келуге,
Пайда, зиян айырсақ,
Жүре бермей жегуге.
Отанымызды сақтауға,
Ақиқатты жақтауға,
Бізде басты көтерсек,
Қала бермей таптауда.
Бұл тұста ақын ағартушылық идеяны азаттықпен ұштастырып 
əкеткен. Ақын ағартушылықты білім мен ғылымға жетелер жол ғана 
емес, елді болашақта азаттық пен тəуелсіздікке жеткізер жол деп 
біледі. Ағартушылықты ұлт санасын оятар басты құрал деп біледі. 
Сұлтанмахмұттай ақын үшін ұлтының отаршылдықтан құтылуы, ең 
алдыңғы қатарға шығар басты мəселе екені даусыз. Сондықтан да 
осы мəселені қашанда еске салып, қай тақырыпқа жазса да кіріктіріп 
жіберу үнемі белгі беріп қалып отырады.
“Оқуда мақсат не?” атты өлеңде тағы бір ерекшелік бар. ХХ 
ғасыр басындағы көп ақындарымыз жалпы қазақ оқымаған, оқуы 
жоқ, надан халық деп жатса, Сұлтанмахмұт өзгеше бір оқшау жайды 
алға тартады.
 
Демейміз оқымады біздің халық,
Болса да оқу-анық, мақсат танық.
Болса егер ойларыңда соңғы мақсат,
Еш мұндай болмас еді артта халық.


188
Ақын пікірінше халықтың өркенниеттен артта қалуы оқудың 
аздығынан емес, мақсаттың анық болмауынан. Оқу, білім ұлы мақсат 
үшін жұмсалғанда ғана нəтиже берері хаһ. Алған білім елдің болшағы 
үшін қызмет етуі керек. Ол күнкөрістің амалы болған жерде, даму 
жоқ. Ақын бұл жерде оқу-білім алуға, жалпы ағартушылыққа үлкен 
азаматтық түсініктен келіп отыр. Яғни оқу елден ерекшеленудің, 
биік мансапқа қол жеткізіп өз ұлтын өзі қанаудың құралы емес, 
халықты өркениетке жеткізудің, өзгенің отаршылдық қыспағынан 
құтқарудың бірден-бір жолы.
Сұлтанмахмұттың бұл тақырыпқа жазған кейінгі өлеңдерінде 
(“Шығамын тірі болсам, адам болып”, “Шəкірт ойы”) лирикалық 
қаһарманның өршіл ойлары тіпті айқындала түседі. Ақынның 
романтикалық рухқа толы жалынды өлең жолдары мың құбылған 
өлең сөздің құдіреті арқылы оқырман көңіліне жылы ұялап, жүрегіне 
жол табады.
Мен – балаң жарық күннен сəуле қуған,
Алуға күнді барып, белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
“Шығамын тірі болсам, адам болып” атты өлеңдегі осы жол-
дар “Тірі болсам надандықты тебем” деп, серт берген лирикалық 
қаһарманның арманының биік, ойының асқақ екенін танытады. 
Ақын көп оқығанның бірі болуды қаламайды. Сондықтан да кез 
келген ақынның теңеуінде жүрген “жарық жұлдыз” емес, “балқып 
туған” ай болғысы келеді. Оның өршіл рухына нұры мол, қараңғы 
түнді жарық қылар толған ай жақын. Осынау шағын өлеңнен арман-
шыл ақынның жүрек бұлқынысын, ертеңгі күнге деген ұмтылысын 
танығандаймыз. “Жарық күннен сəуле қуған”, мақсаты жоғары
жүрегі отты лирикалық кейіпкер бейнесі мəңгілікке көз алдымызда 
тұрардай.
Сұлтанмахмұттың ағартушылық тақырыбына жазған өлеңдерінің 
ішінде шоқтығы биігі – “Шəкірт ойы” (1917). Бұл – нағыз ақындық 
табиғаттан жаралып, ой мен сезім тоғысынан туып, ақын жан-
дүниесінің тынысын сездірер өлең.
Қараңғы қазақ көгіне,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет