Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет62/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Амал не, малдың сөзі ем болды ғой,
Малсыз басың кім болсын кем болды ғой.
Аққуы айдын көлдің сұңқар ілген,
Қарғаға қи шоқыған жем болды ғой.
Он төрт жасар ақын бұл өлеңінде мал беріп, біреуді зорлап 
алғанына масаттанған көкірегі соқыр, нас наданның топас қылығын 
күйіне жырлап, ашына суреттейді.


191 
Ақын өз шығармашылығының екінші кезеңіне жататын 1912-
1916 жылдарда ақындық өнердің биігіне көтеріліп, шынайы шебер-
ге айналды. Мұнда əрі сыршыл лирик, əрі сатирик, əрі терең ойшыл, 
əрі азаматтық сарынды биікке көтерген ақын ретінде көзге түседі.
Ақынның сатиралық өлеңдерінің ішіндегі көрнектісі – “Сымбат-
ты сұлуға” деп аталатын сатиралық өлеңі.
Өлең атының өзінде ерекше бір мысқыл мен əжуа бар. Себебі 
өлеңге арқау болған сұлу қыздың сымбаты емес, керісінше көріксіз, 
топас, не түрінде, не тіршілігінде іліп алар ештеңе жоқ қыздың 
бейнесі сипатталады.
Сүйдірген сені маған кірлі мойның,
Арбадай қиратылған доғал ойның.
Ə, дүние, кіріп бойым жылытар ма едім,
Қаңтардың аязындай ыстық қойның.
Ызғар шығар қойныңнан,
Жанжал шығар ойныңнан!
Осылайша езуіңе еріксіз күлкі үйірілетін осы ұзақ өлеңде ақын 
олақ қыздың көріксіз келбетін, жағымсыз мінез-құлқын көрсете 
отырып, əр шумақты жоғарғыдай екі жолмен түйіп тастап отырады.
Ақынның “Қыз сүю”, “Гүлəйім”, “Жан қалқам” деп аталатын 
өлеңдерінің кестесі мүлде бөлек. Бұлар – таза махаббат лирикасы-
на жататын сыршыл өлеңдер. Оларға ақынның сұлу сезімі, жастық 
өмірдің махаббат шуақ шашқан қызықты сəттері арқау болып, 
лирикалық қаhарманның сезім күйлері төгіліп түсіп отырады. Мы-
салы, ақын Гүлəйім атты сұлу қыздың бет бейнесін əдемі суреттейді.
Он беске Гүлəйімнің келген жасы,
Жібектей үлбірейді маңдай шашы.
Ақ торғын екі беті құлпырған нұр,
Алланың бір жаратқан тамашасы, –
деп, жан сұлулығына тəн сұлулығы сай көрікті қыздың көркем 
бейнесін жасайды. 
“Жан қалқамда” лирикалық қаhарманның ғашық жарына деген 
отты сезімі, жауапсыз қалған махаббаттың өзекті сыры ақтарылады. 
Ақын бір сəтте:


192
Өзегімді жандырдың,
Идеямнан тандырдың.
Өмірлік кетпес қайғымды,
Бір көз салып қалдырдың, –
деп, сезімі мен назын қатар жеткізсе, тағы бір сəтте:
Көлеңкеңді көрейін,
Құрбандықта өлейін.
Жандырдың өзің өрт салып,
 Баспасаң қайтіп сенейін, –
дей келіп, сүйген сұлуына деген адал сезімін ақтара тебіренеді:
Сірə да жалғыз мен емес,
Сенсіз дүние тең емес.
Ауруым қатты өлемін,
Өзіңнен басқа ем емес.
Сұлтанмахмұт – адамға тəн сезімді, көңіл күйдің сəттік ахуа-
лын тап басып суреттей алатын, оны көркем образ, көркем суретке 
айналдырып, көз алдыңнан кетпестей, жүрекке əсерін ерекше етіп 
бере білетін сыршыл лирик ақын.
Сұлтанмахмұт көптеген лирикалық өлеңдерінде лирикалық 
кейіпкер атынан сыр шертіп, өлеңдегі сезімділікті өзгеше бір күйге 
бөлеп тастайды. Мұндай өлеңдерінде айтылар ой, нақтылықтан 
гөрі, жалпылыққа ауысып, барлық оқырманға ортақ сезімдей 
қабылданып, оқушыға ерекше əсер етеді. Бұл – лирикалық тəсілдің 
бір түрі. Осы тұрғыдан қарағанда ақын өлеңдерінің мəн-мағынасы 
оқырман ұғымына, сезіміне сай келіп, жүрегімен табысып, жанына 
жақын болып жатады.
“Алты аяқ” деп аталатын лирикалық өлеңінде өмір үшін 
арпа лысқан, өмір тұңғиығындағы небір қиындықтар мен 
қиыншылықтарды жеңіп, жарқын болашаққа ұмтылған лирикалық 
қаhарманның бейнесін сомдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет