184
хатшылықтан шығады. Турашыл да бір беткей жас ақын өзі ұстанған
бағыттан айнымайтын, бір сөзді жан екенін осылай білдірсе керек.
1914 жылдың жаз айында Сұлтанмахмұт туған еліне келіп,
ағартушылық шараларға бағытталған “Шоң” серіктігін ашады.
Ақынның бұл ойы жергілікті байлар мен беделді кісілерден қолдау
таппайды.
1914 жылдың күзінде
Семейге орысша оқуға барады, бірақ
денсаулығына байланысты түсе алмай, Қотанқарағай жақтың қазағы,
болыс Əбдікəрім Ережепұлымен танысып, бала оқытып,
қаражат
таппақ болып соның еліне кетеді. А. Еспенбетовтің деректері бойын-
ша, ол осы жерде Михайл Григорьевич Комаров деген орыс тілінің
мұғалімімен достасып, орысша білімін көтереді. Қотанқарағайдан
кетуіне Əбдікəрімнің Бағила деген қызына ғашық болуы себеп бол-
са керек. Қыз əкесі ата салтын бұзбай,
атастырған жеріне ұзатып
жібереді. Сөйтіп 1915-1916 жылдары Тарбағатайдағы Терісарық
болысындағы Құрбан қажының ауылында бала оқытады. Осы кез-
де “Кім жазықты?” атты өлеңмен жазылған романы дүниеге келеді.
“Қазақ” газетінде Құрбан қажыдан естіген бірнеше əңгімелерін жа-
риялайды.
1916 жылдың аласапыранында Тарбағатайдан кеткен Сұлтан-
махмұт Семейге келіп, онда байыз таба алмаған соң, Томскіге сапар
шегеді. Сол қалада Əлімхан Ермековтер ашқан дайындық курсы-
на түсіп, жарты жылдай орысша білім алады. Қиыншылықта өмір
сүреді. “Жұмасына екі рет “обед” етем (ет татамын), құр шай мен
нан. Киім алғаным жоқ. “Киноматограф”, вечерлерге бір мəрте
барғаным жоқ. Күндіз-түні айналдырғаным ала қағаздың беті” – деп
жазатыны осы тұс.
Ақпан төңкерісін Томскіде қарсы алған Сұлтанмахмұт 1917
жылдың 10 мартында Семейге келеді. Онда Семейде ұйымдасқан,
қазақтың үлкен бір азаматы Райымжан Марсеков басқаратын қазақ
комитетінің хатшысы болады. “Абай” журналының ісіне араласады.
Қай бір нəрсе болса да өзіндік пікір, айқын көзқарас, белгілі бағыт
ұстанған Сұлтанмахмұт комитет
басшыларымен келісе алмай,
қызметтен шығып еліне қайтады. Көп ұзамай қайта оралып, Семей-
де шығып тұрған “Сарыарқа” газетіне мақала, өлеңдерін жариялап,
қоғамдық өмірге қайта араласады.
1918 жылдың наурызында еліне оралады. Арманы биік ақынды
дерт меңдете береді. 1918-1919 жылдары ақын “Адасқан өмір”,
“Кедей” поэмаларын жазуға күш салады. 1919 жылы Керекудегі
185
революциялық комитеттің жұмысына араласады. Бірақ жабысқан
дерт ақыры біржола меңдеп, денсаулығы нашарлай береді. 1920
жылдың 21 мамырында ұзақ созылған ауру “Қараңғы қазақ көгіне
күн” болуды мақсат тұтқан ұлы
ақынның арман отын сөндіріп,
ажал құшағына береді. Небəрі 27 жас өмір сүріп, дүниеден озған
ақынның соңғы сөзі “Тым болмаса екі жыл тұра алмадым, іштегіні
түгел жарыққа шығара алмай кетіп барамын” болған екен.
Достарыңызбен бөлісу: