343
Біз Мағжан туралы, оның символистік (бейнешілдік) ағым-əдіс
əсерінде жазған өлеңдерін батыс халқының əдебиетіндегі декаденттік
ағымның ықпалы деп айтып та жазып жүрміз. Осы пікірдің негізгі
болғанымен, тым жалпылама, бір жақтылау көрінеді. Олай дейтініміз
қазақ ауыз əдебиетіндегі, ежелгі əдебиет үлгілеріндегі “Асан қайғы”
немесе “Қорқыт” туралы аңыз-əңгімелер мен қазақ жырауларының
торығу, өмірден түңілу сарындағы өлең-жырларын неге естен
шығарамыз. Осыған байланысты қазақ əдебиетіндегі түңілу, торығу
сарында жазылған өлеңнің бой көрсетуі біздің əдебиетіміздегі то-
сын жайт емес. Ежелгі əдебиетімізде бар, бірақ белгілі бір көркемдік
əдіске айнала қоймаған құбылыс.
Жалпы Ж. Аймауытов айтқандай, “сыртқы түрі бейнешілдік, ішкі
түрі күйректік, жылауықтық, (сентименталдық)» əдісте жазылған
Мағжан өлеңдерін шартты түрде солай дегеннің өзінде екі топқа
бөліп қарастыру қажет сияқты. Бірінші топқа Мағжанның жоғарыда
талданған “Қысқы дала”, “Жазғы дала”, “Қараңғылық қоюланып
келеді” жəне т.б. өлеңдері жатады. Бұған басты себеп – бұл
өлеңдердің тақырыптық, сарындық ұқсастығы, халқының мұңын
жоқтау көрініс тапқандығы, оны бейнелеп де бедерлеп бергендігі.
Бұларда жинақтық, жалпылық мұң басым. Екінші топқа Мағжанның
өз басындағы қайғы қасіретпен ұштасып жатқан өлеңдер жатады.
Бұлар: “Мені де, өлім əлдиле”, “Ой”, “Күзді күні”, “Алдамшы өмір”,
“Альбомына”, “Жел”, “Сағындым”, “Сарғайдым”, “Түс”, “З-ға”,
“Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі” т.б. жатады.
Мағжанның “Пəниден байыз таппай, бақидан бақыт күту»
тəрізді күңгірт ұғымда жазылған өлеңдерінің бірі деп жүрген туын-
дысы – “Мені де, өлім, əлдиле”. Мағжан шығармаларын жинап, ба-
стырушылар: “Бұл өлең сүйген жары Зейнеп, оның соң сүйікті ұлы
Граждан мезгілсіз қайтыс болғаннан кейін жазылған болса керек,
өйткені өлеңде періште күйінде о дүниеге аттанған жас нəресте,
жасқа тұншығып өлген, “Бетінен алма қан тамған” жас сұлу образ-
дары бар”, – деп, өлеңнің шығу тарихына түсінік береді. Осыған
сүйене отырып ақынның жеке басындағы қайғыдан туған десек те,
əйгілі Бальмонттың “Əлдиле, өлім, əлдиле” деген өлеңінен бағыт
алғандығын жоққа шығаруға болмайды:
Достарыңызбен бөлісу: