345
Өмір, шіркін бықсып ақырын сөнеді,
Үміт шіркін тотығады өледі.
Өлді үміт, мен де ұзамай өлемін,
Соққы жеген сорлы жүрек біледі.
Өмір, шіркін, көз алдымда сөнеді,
Қиял – алыс, келемеж ғып күледі.
Өмір сөнсе, үміт сөнсе, не қалды?
Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді.
Ақынмен бірге езілесің, егілесің. Бірақ ақын үмітінің
сөнбейтініне сенесің. Бостандықтағы ой-армандарының орындал-
май қалғандығы ақынды уақытша налытады. Торыққан көңіл жаны-
на саяны өлімнен іздейді. Сөнген үміттен, өлім артық.
Мағжанның түңілу, қайғыру сарынындағы өлеңдерін сары-
уайымға бой алдыру деп қараудың жөні жоқ. Керісінше қазақ
əдебиетін əлемдік əдебиетпен иық теңестіруінің бір мысалы ретінде
бағалаған орынды. Бұған мынадай өзіндік дəлелдеріміз бар. Өз
тұсындағы жазба əдебиеті биік деңгейдегі Европа əдебиетінен үлгі
өрнек таба отырып, сол озық үлгіні, биік парасатты өлең өрнегін
қазақтың қасиетті қара өлеңінің бойына жарастыра білді, бұл –
бір, сөйтіп өзін қазақ поэзиясында өзге ешкімге ұқсамас өзіндік
ақын ретінде қалыптастырды, бұл – екі; Мағжан өлеңдерінің ішкі
мазмұнымен сыртқы пішіні “тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-
тегіс жұмыр келсін айналасы” деген Абай талабынан табылып,
қазақ оқырманына тез жол тапты, бұл – үш.
Мағжан поэзиясының сыршылдығына тəн құбылысты біз
оның сүйікті əйел, ыстық махаббатты жырлаған отты өлеңдерінен
нақтырақ табамыз. Бұл тақырыпқа арналған өлеңдерін шартты
түрде: Əйел, оған деген адал сезімді ардақ тұту, өз тұсындағы əйел
затының тағдырына араша түсіп, зарына үн қосып, жырымен жұбату
деп бөлуге болады.
Мағжанның қазақ əйелінің теңсіздік тұрмысын көрсетіп,
қасіре тін жырлаған өлеңдері қатарына: “Домбыра”, “Зарлы сұлу”,
“Жəмила”, “Алданған сұлу”, “Шын сорлы”, “Тілегім” деген
өлеңдерін жатқызуға болады. “Жəмила” деген өлеңінде:
Достарыңызбен бөлісу: