381
лирикалық туындылары бұрынғы өлеңдерден мүлде бөлек еді.
Бұлардың барлығы бостандық тақырыбына арналған болатын. Осы
тақырыпта жазылған “Бұлт” өлеңінде ақын бостандықтан бұрынғы
жайттарды сөз етеді. Мұнда Бернияз іштегі қорқынышы мен күдігін
білдіріп, болашақты бір үміт, бір қауіппен күткендей болады. Бұл
өлеңнің бір ерекшелігі ақын қазақ халқының басындағы ауыр халін,
бостандыққа, еркіндікке сусаған халықтың жағдайын тура ашық
айтпай, оны пернелеп, астарлап бере білген. Себебі не? Себебі сол,
ақын бұл өлеңінде бостандықтың алғашқы лебін жырына арқау ет-
кен. Оның болашағы бұлдырлау, сенімсіздеу. Сондықтанда ақында
пернелеу басым.
Б. Күлеевтің “Бостандық күнінде” өлеңіне Абай үлгісін, яғни “Сегіз
аяқ” өлеңінің үлгісін алған. Өлеңде ақынның алғашқы бостандық
күнінің тууына орай ақжарма қуанышы, асқақ көңілі мен толғанған
тебіренісі көрініс тапқан. Өлеңнің асқақ рухы да осында. Ақын
бостандық келіп, ел қуанған күнді ерекше бір шабытпен жырлайды:
Жарық күн туды,
Жер жүзін жуды,
Көктен нұрлар төгіліп.
Ежелгі, ескі,
Ортадан кетті
Етек-жеңі сөгіліп.
Міне, хақтың бергені –
Көздің жасын көргені.
Бостандық күні
Достарыңызбен бөлісу: