383
Баулы бұлбұл байлауынан босанып,
Жаңа күннің жарық шамын жаққан жыл…
…Сенде рахат, сенде жеңіс, сенде гүл,
Əлді-əлсіз айырусыз сенде бір.
Тарих беті, жұрт аузында ұмытылмас,
Жылдың жылы, жыл патшасы – сенсің гүл!
Жас ақынның бұл жылдары үлкен ізденіс үстінде болғаны
шындық. Орынбордағы оқытушылар семираниясында оқып жүріп,
орыстың, батыстың классикалық поэзиясынан көп үйренген-ді.
“Жас ақын ел өміріндегі – революцияны құшақ жая қабылдайтынын
жасырмайды” – дейді, зерттеуші Ы.Дүйсенбаев ақын өмірінің осы
кезеңі туралы. Дұрыс та шығар. Төңкерістің болашақ кесапатын дəл
сол жылдары кім ұқты дейсің?! Жүректің қан жылайтыны кейінгі
жылдар! Оған əлі уақыт бар еді.
Ақынның өнімді де белсенді еңбек еткен жылдарының бірі –
1920 жыл екенін жоғарыда айттық. Бұл тұста ақын поэзиясының
көркемдік кестесі əрленіп, өлеңдегі ой өткірлігі, ішкі тебіреніс қуаты
арта түскен. Осы жылғы өлеңдерге тəн басты бір ерекшелік, ақынның
азаматтық үні айқындала түскендей. Неге десеңіз, осы жылдан ба-
стап Бернияздың көп нəрсеге көзі жетпегенімен, көңіл толқысынан
белгі бере бастаған-ды. Сондықтан болу керек өлеңдеріндегі
əлеуметтік тақырып көбірек көзге шалынады. Ақынның “Алға”,
“Қу-ларға”, “Заман-ай əніне”, “Жаз”, “Ел ерлеріне”, “А, дариға-
ай”, “Күз”, “Ер жігітке”, “Кім бар?” лирикалары осы сипатымен
құнды. “Ел ерлеріне” деген өлеңінде ақын қазақтың бұрынғы өткен
халы, талайсыз тағдырына назар салады. Көңіліне күдік ұялағанда
ақындар қашанда өткенге үңілері белгілі. Бұл өлең кезіндегі зерт-
теулерде тек таптық түсініктен ғана қаралып, талданылып келді.
Шындығына келсек, өлең мазмұнына тап теңсіздігі емес, қазақ
ұлтының теңсіздігі арқау болған. Отаршылардың халыққа əкелген
кесір-кесепаты, жалпы отаршылдықтың ауыр зардаптары өлеңде
нақты бейнеленген. Ақын өзі қайырылып отырған Ел ерлерінің есіне
отаршылдардың зобалаңы мен зұлымдығы, қаныпезер қаталдығы
мен озбырлығы бас көтертпеген кезең тарихын салады.
Достарыңызбен бөлісу: