115
Бөлініп жұрт екі жақ партиялап,
Қалмайды ұрғашыдай сол қиялап.
Басқа орын босағадан тимейтін-ді,
Бас қылып, бас жегізіп тəрбиялап, –
деп, жік-жік болып партияға бөлудің астарында жатқан зымиян
қулықты айқын аңғарады. Ақын “басқа орын босағадан тимейтінді”
деген жолға ерекше салмақ артқан. Бұл арада ол партияға бөлініп,
топ-топ болғандарды басқарып жүргендердің ел ішіне іріткі салып,
содырлыққа бой ұрған тентек, көрсеқызар жандар екенін меңзейді.
Ал оларды сайлаушы жоғарғыдағылар соларды бас қылып, атқа
мінер етіп күні ертең ел-жұртына қарсы айтақтамақ ниет ұстанып
отырғанын астарлап жеткізеді.
Сол түнде азғырушы толып жатыр,
Шайтан да помагайтшы болып жатыр.
Ақын “помагайтшы” деген бөгде сөзді келтіру арқылы қазаққа
пəле болып жабысқан партияның түп тамыры қайда жатқанын да
тамыршыдай тап баса көрсетіп отыр.
Мəшһүр ақынның көптеген өлеңдері терең философиялық
толғанысқа толы. Олардың дені діни таныммен тығыз байланыста
болып келді. Онда тіршілік – ғұмырдың реттеуші иесі бар екендігіне
ой жіберу сарыны басым. Ақынның осы орайдағы кең толғанысты
өлеңі – “Жеткізер құдай, пенде қылса талап”. Өткен өміріне бар-
лай қараған ақын ақындық талант, дарынның тəңірден келер қасиет
екенін айтады:
Аузымнан қайтармаймын келген сөзді,
Сөйлесін деп қойыпты тəңірім бізді.
Тағы бір өзінің ақындық өнерін сөз қылатын “Қалмай ма əлі-ақ
бір күн Мəшһүр өліп” атты өлеңінде:
Жүзінде жалған дүние көп сөйледім,
Ақылға үйлестіріп дөп сөйледім.
Достарыңызбен бөлісу: