Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет27/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Асқынды боп жара-жауырларым,
Тіпті жоқ жазулы істі ауырларым.
Бірлік қыл, басыңды қос, пайдаңды ойла,
Қазағым, қайран халқым бауырларым, –
деп жырласа, енді бірде “Қазақ жұртының осы күнгі əңгімесі“ атты 
ұзақ өлеңінде былай дейді:
Құдайдың шын нансаңдар бірлігіне,
Ерлердің күш қосыңдар ерлігіне.
Сарт демей, ноғай демей, қазақ демей,
Тілек қыл дін мұсылман бірлігіне.
Екеуіндегі де айтар ой, көтерілген идея біреу – бірлік, ынтымақ. 
Алғашқысында жеке ұлттың қазақ ұлтының бірігуін ұран етіп 


108
көтерсе, келесі өлеңінде мұсылман қауымына жататын түркі тек-
тес халықтардың өзара бірлігін аңсайды. Алғашқысындағы ұлттық 
бірлік болса, кейінгісіндегі мұсылмандық бірлік. Бірлік тұтқасы – 
дін. Ой осы ұғымның айналасында шыр айналып жүреді. Бұл – жай 
үндеу емес, тікелей қимылға шақыру. Өлең жолдарының мəні осын-
да. Дін – ұлы күш. Оған деген сенімнің күшіне ақын шынайы сенеді, 
сенімнің жеңетініне жəне сенеді. Сенім қимылға əкеледі, қимыл 
азаттыққа жеткізеді. Ақынның бұған еш күмəні жоқ. Осы өлеңіндегі 
келесі шумақтар соның куəсі. “Бірлігі мұсылманның – ынтымағы“, 
деген ұран іспеттес ой тастап алып, ақын мынадай тілек тілейді:
Екінші ие болсаң дін мен жерге,
Тұрса да қай орында кіммен бірге.
Құтылып таршылықтан кеңіп тыныс,
Ісіміз басса екен деп біздің өрге.
Мұнда, əу бастан, ел үшін, ұлт үшін киелі боп келген негізгі 
ұғым жер мен дін бөлінбестей бірлікте алынған. Неге десеңіз, ақын 
үшін бірі – жан азығы да, бірі – тəн азығы. Бірі – тіршілік тірегі, бірі 
рух тірегі. Ендеше екеуін бөліп-жаруға бола ма?! Ақын ел ішінде 
қанат жайып бара жатқан миссионерлік əрекеттер нəтижесінде 
туған халқының діннен айрылу қаупінен қорқады. “Дін“ ұғымын 
ақын халықтың рухани болмысымен, білік-танымымен сабақтас 
алып қарайды. Кез келген халықтың ұлт ретінде жойылуының 
белгісі – сол елдің рухани-танымдық санасының ең жоғарғы мəдени 
тіректеріне саналатын тіл, дін, ділден алыстауы. Ендеше патшалық 
Ресей империясы өз үстемдігінің арқасында орыстандыру саясатын 
ашық түрде де, құпия түрде де жүргізіп жатқан тұста ғасырлар бойы 
қалыптасқан мəдени-рухани дүниетанымнан бүтіндей айрылудан 
артық қасірет бар ма?! Ал ел-жұрттың ол тұста айрықша рухани 
күйзеліс кезеңін бастан кешіргені еш талассыз шындық.
Соны ақындық көкірек көзімен көріп, терең сезініп, айқын 
аңғарған Мəшhүр Жүсіптің өз поэзиясына əлгіндей өзекті 
мəселелерді желі етуі заңды құбылыс. Жəне ақынның оны ешбір ау-
ыспалы мағынасыз, ашық, бүкпесіз жеткізуі айтар ойдың мəнін арт-
тыра түседі. Алыс күнді көздеген ақынның болашаққа тілегі мынау:
Дін көркейіп көзге бір көрінсе де.
Шариғаттың тізгіні қолымызға,


109 
Бостандық боп қағусыз берілсе де.
Шариғат низамменен қатарласып,
Бірдей боп келсе екен теңбе-теңге.
Осындағы “дін“, “шариғат“, “бостандық“, “низам“ деген ұғымдар 
өлеңнің идеялық мақсатын айқындап тұр. Ақын ұлттық заңның 
негіздері шариғат қағидаларынан алынуын қалайды. Бұл оның орыс 
“закондарының“ ұлттық жүйеге сай келмейтінін көрсете отырып
сан ғасырлық қалыптасқан жүйесі бар қазақ ұлтының билік заңдары 
мен шариғат заңдылықтарын бірлікте жүзеге асыруды қалаған игі 
тілегін, соған деген ұмтылысын байқатады. Ақын қазақ жастарын 
зорлап орысша оқытуға қатты алаңдаушылық білдіреді. Туған тілді 
шетке теуіп, еріксіз орыс тілді меңгертуді талап еткендерге қасқайып 
қарсы тұрады. Бүкіл өлең бойынан біз Мəшhүр Жүсіп Көпеевтің елі 
үшін елжіреген жүрек лүпілін сезінеміз. Халқымен бірге күңіренген 
ақын жанының терең қайғысын түйсінеміз. Елін бостандық күнге 
жеткізуді аңсаған Мəшhүрдің азаматтық тұлғасын танимыз. Елге 
деген ерекше сүйіспеншіліктің нышанын Мəшhүр Жүсіп Көпеевтің 
кез келген өлеңінен табуға болады. 
Мəшhүр Жүсіптің ел жайына, ұлт мəселесіне арналған өлеңдері 
азатшылдық, бостандық, тəуелсіз тəрізді еркіндікке көшбасшы 
ұғымдарды алға шығарады. Ол еркіндік пен əділдік үстемдік құрған 
елді аңсап қана қоймай, сол еркіндік пен тəуелсіздікке жеткізер 
əділетті жолбасшы да іздейді. Өлеңінде солардың өз көкейіндегі, 
өз ойындағы бейнесін сомдайды. Ондай тұлғаларға тəн асыл 
қасиеттерді атап-атап айтады. Бұл туралы “Қазақ жұртының осы 
күнгі əңгімесінде“ былайша жырлайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет