128
деп басталатын “Жантемір қажы” дастаны Мəшһүрдің екі
томдығының бірінші томында өлең деп берілген. Мəшһүр шөбересі Г.
Жүсіпова оның дастан екенін дəлелдеп, толық нұсқасын баспасөзде
жариялады. Бұл шығарманың көлемді туынды екені, ақын оны да-
стан ретінде жазғаны мына жолдардан айқын байқалады:
Ісіне бұл заманның болдым құса,
Бозбала шамаң келсе маған ұса.
Ерігіп мен үйімде ішім пысып,
Бір Сақы, бір сараңды қылдым қисса.
“Жантемір қажыға” қиссасы өмірден алынып жазылған, нақты
деректерге құрылған шындықты дастан. Мұнда ақын өзінің көзі
көрген өз елінің ардақты азаматы Жантемір қажының өмірінен үзік
сыр ала отыра, адамзатты мəртікке, жомарттыққа, азаматтыққа,
адалдыққа шақырады. Жалпы дастан сарыны ел қамын жеген айту-
лы тұлғаның азаматтық істерін насихаттау. Пəни жалғаннан қызық
таппай, “Бір құдайдан басқаға сиынбаған” Жантемірдің қажыға са-
пары ұлы мақсатымен сабақтас. Ол өз ойын былай білдіреді:
– Байтулла келіп едім сенің үшін,
Достарыңызбен бөлісу: