133
діктің басты көрінісі ретінде əйел теңсіздігін алып, өздерінің негізгі
шығармаларына осы тақырыпты арқау етті.
Олардың жазба əдебиетті өркендету мақсатындағы жанрлық
ізденістері жазба əдебиеттің құр еліктеу дəрежесінде қалып
қоймай, ұлттық төл əдебиетіміздің қалыптасуына жол ашты.
Сөйтіп жазушылық қолтаңбалары айқындала түсіп, əрқайсысының
өзіндік тақырыбы, ой-пікірі, стилі, өзіне ғана тəн шеберлік мектебі
қалыптасты.
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар шығар ма-
шы лығы шын мəніндегі сыншыл реалистік дəрежеге көтеріліп, дү ние
құбылысын кең, терең негізде ашты. Бұл бағыттың өкілдеріне таза
əдеби шығармашылықпен айналысып, кəсіптік деңгейдегі жа зушылық
шеберлікке көтерілген Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыров, М. Сералин,
С. Дөнентаев сынды ақын-жазушылармен бірге шығар машылығы
ағартушылық-ұстаздық қызметтерімен тығыз байланыс та өрістеген
С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, Т. Жомартбаев сынды тікелей ағар тушылық
тақырыпта қалам тербеген ақын-жазушылар да жатады.
Достарыңызбен бөлісу: