Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет42/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

Жұтумен көздің жасын бұлар ащы,
Жақындап келді дағы тұра қашты.
Қос мұңлық көрген еді анадайдан
Теңселіп жапырақ жайған бір ағашты. 
Көргенде жапырақ жайған бір ағашты,
Екеуі екі жаққа жылап асты.
Бір ағаш еске салып еркелеп тұр,
Жұмақтан қуып шыққан құмар асты. 


107
Тыйым салынған жемісті татып, сол үшін құдайдың қаһарына 
ұшыраған, жұмақтан қуылған екі пенде (күнə жасаумен олар 
пендеге айналды, құдай заңын бұзу – күнəһарлыққа бастар жол) 
ағаштан аулақ қашпақ болады, бірақ, қашып құтыла алмайды. 
«Қарғыс атқыр ағаштан безе қашқандарымен» айналып сол 
ағашқа тұсалады. Екі кейіпкердің жан дүниесіндегі құбылмалы 
хал, басқаша айтқанда тартыс, қайшылық ақынның суреттеуінде 
екеуінің ағашты көрген сəтте жұмақтағы ағашты жəне қаһарланған 
құдайды еске алуларымен, самал желдің айналшықтап жүруімен, 
əлдеқайдан сайтанның сақылдап күлуімен (бұл – пенделік ниеттің 
бас көтеруінің тұспалы), екеуінің жүректің сабырға шақырғандай 
болуымен танылады. Жүрек – сайтан бұзып кіре алмайтын берік 
қамал. Алайда, жоғарыда айтылғандай, адами өмірдің бастауында 
қателікке жол беріп, заңды бұзу əрекеті тұр. 
Алма ағашы, Адам ата мен Хауа ана – оқиға өзегінде осы 
үш 
еуі 
нің ерекше орны бар. Ақын екі пендені пенделік жолға 
толығымен бұрған ағашты, одан аңқыған жұпар иісті алдыңғы 
орынға шығара отырып, түс көру оқиғасына жол береді. Түсте-
рінде мұрнын жарған жұпар иіспен өңдерінде жолыққан олар 
өздерін одан алып қашпақ əрекетте:
Тұра сап бірін бірі аластады,
Құрысын жұмағы да, ағаш тағы.
Əйтсе де, сезімге бой алдырғандары жалған емес:
Хауа ана таңдайының суын жұтты,
Неге дүр Адам ата жақ ашпады.
Бұл тұста Адам ата мен Хауа ананың əлсіздігіне түс оқиғасы 
себеп сияқты. Жұпар иіс аңқыған жұмақтағы мекенде қол ұстасып 
жүрген түстің (қиялдың) оянған сəттегі өңмен (шындықпен) 
қайшылығы екеуін құдай жолынан басқа тарапқа жетелейді. Бұл 
тарап – қызығы мен азабы мол адамзаттық өмір жолы. Құдырет 
қаламмен Лаухқа (тағдыр тақтасына) жазылған жазмыш осы. 
Түс пен өңді байланыстырып тұрған – ағаштан аңқыған жұпар 
иіс. Бұл жұпар иіс нəпсіні оятушы. Нəпсінің қажетін тыю − 
пенделіктен алшақ болу. Екінші бөлімде Адам ата мен Хауа 
ана осы пенделіктен аулаққа қашпақ боп əуреленеді. Əйтсе де, 
ағаштың сырын білмекке ауған ниет жеңіп тынады. «Əуес ой» 
Хауа ананы күннен күнге жүдетсе, Адам атаға ұйқы бермейді. 


108
Ақын оқиғаны дамыту барысында екі кейіпкерін күнəһар ре-
тінде көрсетпейді. Ұлы өмірді бастау жолында тұрған архетиптік 
тұлға дəрежесінде таныту жағында. Оқиғаның əсерін арттыру, 
оны шынайылықпен таныту мақсатында табиғаттағы түн 
мезгіліне айрықша мəн берілген: түнгі ұйқыда түс көру жəне тағы 
бір түнде нағыз күнаға бату. Күндіз сол күнəға барар жолдың 
«алғы шарттары» «пісіп жетілген»:
Ағаш тұр, кəдімгі ағаш, алма ағашы,
Тимеген жемісіне жан баласы.
Балқытқан тұла бойды жұпар иіс
Хауаның құмар асы, арман асы.
«Сап, сап» деп, қайтып кетті бұрылды да,
Дүние қандай ғажап бүгін мына.
Екеуі ұзап барып қайта оралды,
Əуес ой ұйықтатпасын ұғынды да.
Айналып Адам ата көрді ағашты,
...Сол күні бір шаруасы оңға басты.
Сықсыңдап бұлт ішінде жұлдыз біткен,
Нарттай боп ұялған ай жоннан асты.
Балладаның екінші бөлімін тəмамдап тұрған бұл жолдардың 
көркемдік-эстетикалық мəні тым терең. Адам ата мен Хауа ана 
арасындағы құпия қатынасты анайы түрде əйгілей көрсету 
туындының көркемдік қуатын əлсіретер еді. Ақын осыны сурет-
керлік сезімталдықпен түйсініп, «жұлдыздың бұлтқа жа сырынып, 
айдың нарттай боп ұялуы» арқылы бейнелеген. Сондықтан да 
нақты əрекеттегі екеу назардан «тыс қалып», жұлдыз бен ай көзге 
ілінеді. Сөйтіп, пенделік нəпсі салтанат құрады. 
Келесі бөлім Адам ата мен Хауа ананың кəдімгі тіршілігін 
суреттеуден басталған. Жерді мекендеп, алма ағашын паналап, 
өмірге ең бірінші сəби келгенде оның бұтағын бесік еткен екі 
пенденің ендігі ықылас-назары сол алма ағашына ауған. Ұят пен 
иманды түйсінген күні ағаштың жапырақтарымен абыройларын 
жабады. Періште достарына өкпелерін ұмытып, Құдайға разылық 
ниеттерін білдірген. Алайда, сəби дүниеге келгенде Хауа ана 
Құдайдың «құтты болсын» айтпағанына назаланса, Адам ата 
періштелерді сыбайды. Хауа ананың ендігі аңсары ағаштың 
жасын білмекке ауған. Осы ағаштың жұпар аңқыған жемісі бір 
кезде «құмар асы», «арман асы» болса, енді ол ағаштың жасын 


109
білу үшін мазасызданады. Адам атаны тыйым салынған жемісті 
жеуге мəжбүрлеген де Хауа ана екенін еске алсақ, оның пенделік 
тіршіліктегі жетекшілік рөлін аңғарамыз. Балладада Хауа ананың 
мұндай мінез болмысын сипаттайтын жолдар да жеткілікті:
− Апыр-ай, нешеде екен?
− Кім біледі?
Хауа ана бір қызықса сұмдық еді.
Ұйықтатпай түніменен осы сауал
Əуес ой əз жүректі тілгіледі. 
«Əуес ойдың» екеуін ағашқа əкелгені, оның жемісін тат-
тырғаны белгілі. Ол əлі тыным таппаған. Хауа ананы елік тірген 
үстіне еліктіріп, ақыры Адам атаға ағашты кестіріп тынады. 
Бұл желі, яғни ағаштың кесілуі – ақынның əріден бастау ал-
ған архетиптік сюжетті астарлы оймен толықтыра отырып, 
трансформациялауының мысалы. 
Адам ата мен Хауа ана ағашты кесіп, оның жасын анықтады. 
Осымен олардың əңгімесі аяқталған сияқты еді. Бірақ аяқталмаған 
екен. Олардың бүгінгі ұрпағы – біздің бас қатырып жүргеніміз 
«түлкінің бозға салған жымы сынды» түбін қусаң жеткізбейтін 
дау. «Қызық емес оқиғаның» нағыз «қызығы» да осы:
Соңы бар ұйықтатпаған ұлысымды,
Сол гəптен аңғарасыз ұлы сырды.
Біздің дау – түбін қуса жеткізбейтін
Түлкінің бозға салған жымы сынды.
Жиылған жер бетінің күллі заңы,
Біздің дау бара бара дін бұзады.
Балтамен кесті ме оны, ара мен бе?
Осыған жауап таппай жүрміз əлі.
Ақынның айтпақ ойы, туындының негізгі астарлы мазмұны 
осы екі шумақта тұр. Адам баласының пешенесіне жазылған 
тіршіліктің күрделілігі мен қайшылығы белгілі ұғымдармен 
көрсетіледі. Романтикалық бастаудан реалистік арнаға ауысқан 
оқиға желісі астарлы мағынамен өріліп, жалпы тіршілік ағы мындағы 
ақиқатты аңғартады. Ақын қалыптасқан алғашқы та 
нымдық 
бастаудағы қағидаттарды ішінара бұза отырып (Адам атаның 
Құдаймен, періштелермен өзінше «араздасуы») көне за 
маннан 
бүгінгі күнге дейінгі ой-сананың даму деңгейін (Адам ата-Хауа ана 


110
ағашты, оның жасын білуге құмартса, біздің дауы мыздың «жеткен 
биігі» – олардың ағашты немен кескендігіне бас қатыру), нақтылай 
айтқанда пенделік ниеттің өрши түсуін, ұсақталуымызды сөз етеді. 
«Қызық емес оқиға» атауын иеленген Адам ата-Хауа ана хи-
каясы – ақынның эпикалық поэзия жанрына қосқан елеулі жа-
ңалығы. Дайын сюжетті нысанға алып, оны терең мағыналы 
поэтикалық қалыпта жаңаша сипатымен жаңғырта танытқан 
бұл туынды тілі мен көркемдік-бейнелілік мазмұны тұрғысынан 
Гетенің «Орман патшасы», Брюгердің «Ленор», Пушкиннің 
«Жындар» туындыларымен бір қатардағы дүние. 
«Дайын» сюжеттер ХІХ-ХХ ғасырларда дүниеге келген дас-
тандар мен жырларда, поэмаларда, балладаларда кеңінен пай-
даланылып, адамзаттық мəңгі мəселелерді танытуда көркемдік-
эстетикалық, философиялық-гуманистік бағытта елеулі маңызға 
ие болды. «Қорқыттың көрі» поэмасы мен «Қызық емес оқиға» 
балладасы солардың бірлі-екілі мысалдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет