Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет44/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

бозторғайым,
Кезіксең қанаттыға қақтырмашы –
деп, көк ала үйрекке арзу айтады. Өлеңнің концептуалдық 
бейнесінің аясына ақын «бозторғай» тезаурусын енгізгенін айта 
кеткен жөн.
Поэмада жыл мезгілі де мифопоэтикалық аңғарыммен назарға 
алынған. Құстың көлге қонып, судан суға шүйгуіне жайлы мезгіл 
жаз болса, осы мезгілге тəн табиғат құ бы лыс тарының өзі («Жаз 
келсе гүл көйлегін дала кимек, Құбылтып кемпірқосақ садақ 
имек») екінші, астарлы мағынамен жырланып, көк ала үйректің 
рухани əлемін бейнелеген. Рухтың жаратылыспен жарасымын, 
болмыспен үйлесімін қалаған лирикалық қаһарман толғанысы:


113
Шүйгіші көлден көлге, судан суға,
Көзіме бір көрініп, 
Көк ала үйрек, –
деген тілекпен түйінделеді.
Көк ала үйректің шарқ ұрып, жерге қона алмау себебін ақын 
поэманың екінші бөлімінде түсіндіреді. «Семейден топырағым 
болар білем» деп арыздасқан Кемпірбай сөзі қалың қазаққа 
мəлім. Сол Семейден топырақ бұйырған Кемпірбайдың моласы 
қасапхананың астында қалған. Кеңес өкіметі салтанат құрып 
тұрған бір жылдары молалар тапталып, қасапхана салынған. Бұл 
қасіретті ақын:
Аруақтың көрден шығып қаңқа басы,
Бақидың басталыпты жанталасы.
Жалғасып келе жатыр содан бері
Өлі мен тірілердің жанталасы.
Тажалдың күні шықса шалқып алдан,
Жұқ болмас жұмырына жарты жалған.
Беттері тірілердің бүлк етпепті,
Тұрағын өлілердің тартып алған, –
деп жырлайды. Жаратушыны мойындамайтын атеистік сана 
үстемдік еткен қоғам рухани дүние игіліктерін мүлде керек 
етпейді. Моланы таптау, өлілерге маза бермеу – өткенді жоюдың, 
ата-бабадан мұра болып қалған рухани байлықты құртудың 
бір көрінісі. Ақын бұл əрекетті фəни мен бақидың, тірі мен 
өлінің тартысы түрінде мифопоэтикалық аяда алып бейнелейді. 
Бақидың мəңгілік тұрғындары аруақтар қауымы болса, фəни 
тұрғындарының пиғылы оларды мазасыздандырады:
Аруақтар аласұрып тыншымайды,
Обалын шіркіндердің кім сұрайды?
Моласын мұңдасының қайта таппай,
Жалғыз-ақ Көк ала үйрек шырқырайды.
Көк ала үйрек болмысты өлең, яғни ақындық рух өзінің қа-
жетін, тегі мен негізін іздеп аласұрады. 
Бір кездері қан сасыған, қасіреттің қазанын қайнатқан қас-
пахна қаңырап қалған. Ақын поэманың үшінші бөлімін қасап-
хананың бүгінгі осы халін тілге тиек етіп бастайды. Кемпірбайдың 
моласын шыр айналған көк ала үйрек бір кездері қан сасыған бұл 
маңайдан шошып, ұшып кеткен. Үрей шашқан қасапханаға қарап 
тұрып, лирикалық қаһарман арыстарды қойдай тізіп айдаған, ажал 
8–1036


114
құштырған замана зобалаңына да налиды. Сүйектің сұраусыз 
кетуі ұлттық салт, ғұрыптағы үлкен қасірет. Поэтикалық толғаныс 
аясындағы көк ала үйрек, жер астында шуылдаған аруақтар, 
бұлардың ортасында солармен тілдесіп тұрған лирикалық 
қаһарман поэманың мифтік сарынын күшейте түскен. «Естілер 
аруақ үні тыңдағанға», «ғайыптан қасіретті үн келеді» деген 
жолдар осыған дəлел. Тылсым əлемге қарай тартылған лирикалық 
кейіпкерге бұл дауыс Кемпірбайдың тілімен үн қатқан қапалы көк 
ала үйрек болып сезіледі. Аруақты құрмет тұтып, қастерлеген 
қазақы сенім мен ғұрып ақын ойының өзегіне алынған:
Алдайды жалған дүние бүгін жолдас,
Аруағын зарлатқан ел түбінде оңбас.
Ей, қазақ, бүйте берсең, аз ұрпағың
Торғайдай тозып бітер, түгің қалмас.
Көтеріп қорлығын да, мазағын да,
Қиналдық қасіреттің азабында.
Аруақтар аза тұтып жатқаннан соң
Болмайды енді ешқашан маза мұнда!
...Мазарын мазақ етсе, мыңқ етпейтін,
Намысы сөнген халық – өлген халық.
Аруақ үні болып жеткен бұл сөздерге лирикалық қаһарман мұң 
шаға жауап қатады. Аруақ пен лирикалық қаһарманның диалогы 
поэманың көркемдік мұратын, эстетикалық əсерін арттырған. 
Тыл сымнан, ғайыптан естілген аруақ үні қайта ғайып болғанда 
аспан жақтан қанатын жайып келген Көк ала үйректің болмысы 
мүлде ерекше:
Дауысы Кемпірбайдың болды ғайып,
Орнымда қала бердім мен мұңайып.
Сол кезде аспан жақтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет