154
автордың идеясын, ұстанымын ашады. Көркем шығармада
портрет кейіпкер бейнесін жете тануға жол салады, сондықтан
ол біржақты тəсіл болудан аулақтап, кейіпкерді əлеуметтік-
өмірбаяндық жəне психологиялық жағынан толықтырады. Бас-
қаша айтқанда, портрет-мінездеме портрет-өмірбаянға, одан
портрет-тағдырға айналады. Мəселен, Қалибектің портретіне
назар аударайық: “Қырын тұрған Қалибек сұңғақ бойлы, ат жақты,
қыр мұрын, қара сақал, қара мұрт, ақсұр, орта жастағы адам, көз
алдынан лек-лек салтанатты маршпен өтіп жатқан əскерден оттай
жанған екі көзін алмай, қабағын түйе қарап тұр. Қалибек бір ауыр
ойда сияқты. Сұр құлынның терісінен тысталған құлақшыны
оның үстіндегі қаптал шапаны мен аяғындағы саптама етігіне
қоныңқырама да, алып денесі, қақпақтай кең жауырыны оның
батыр тұлғасы бар салмақты адам екенін елестетті”. Мұндағы
портрет кейіпкерді түгелдей - сырт пішінін, киім киісін, мінез-
сипатын толық ашып тұр.
Ұлтын сүю мен ұлтшыл болу – ара жігі ажырамайтын ұғымдар.
Өз қоғамының даму өресін басқадан бұрын байқап-танып, ту ған
халқына қызмет жасап, жоғын түгендеп, ұлттық қадір-қасиетін
тереңдету – ұлтжанды елшіл азамттарға тəн. Халқына адал
қызметін арнаған Х. Оралтайдың ғұмырнамалық сипатағы “Елім-
айлап өткен өмір” кітабы - азаматтық пен қайраткерлікті, əрекет
пен күрес-жігерді, ең бастысы, ұлттық рух пен танымды көркемдік-
деректілік сипатта танытатын тағылымы терең туынды.
Достарыңызбен бөлісу: