151
шамасында Тарбағатайға қоныс аударған. Арғы аталарымыздан
(төртінші атамыз) Хаташтың Ертіс өзені бойында өмір
сүрген кезінде кей істері “шарапатты кісі екен” делініп, аңызға
айналдырылған, қариялар əлі де “үлкендер айтушы еді” деп
əңгіме қылатын ел арасындағы деректерден саналады”
-деуі,
өткен күннің, ел аузындағы деректердің жаңғыруы. Ғұмырнама
тілінде аз сөзге көп ой сыйғызып айту, сөзді мəнерлеп, тұспалдап
беру, əр оқиға астарында мəнді, салмақты ой түйіндеудің кездесуі
оған тереңдік, бейнелілік үстей түскен.
Халқымыздың дəстүрінде естірту,
көңіл айту немесе бата
оқудың өзіндік орны бар. Соның ішінде бата сөз, бата берудің
қайтыс болған адамның мұрагерлеріне беру, қарт адамның жасқа,
ұзатылған қызға беретін түрлері бар. Халық ежелден сөздің
магиялық күшіне сеніп, жақсы сөзге көңіл демдеген, жұбанған.
“Тегінде бата беру,
ақ тілеу айтып, алғыс білдіру ежелгі ата-
бабалар дəуірінен келе жатқан түркі халықтарының ескілікті
дəстүрі екені ақиқат” дегенді айта келе, ғалым Б. Уахатов ақ тілеу
айтып, бата беру қазақтан басқа қарашай, татар, алтайлықтарда
бар екенін, сөз саптау, сыртқы айтылу
формасы жағынан қазақ
өлеңдерінен еш айырмасы болмайтындығын тұжырымдайды.
Ғұмырнамалық шығарма тілінде баталы сөздің жалпыға қарата
айтылған: “Алаштың азаматына Алла жар болсын” деген түрі
кездесіп, ел азаматына көпшіліктің атынан ілтипат білдіру
берілген. Сол сияқты ел басқарған азаматқа арнап: “Жыла ған-
ның маңдайынан сипап, жылатқанға қамшы соқ” деп берілген
бата, тілек кездеседі. Шығармада тек кітаптың алғашқы
бөлімдерінде кездесетін «байтал түгіл бас қайғы», «қорыққанға
қос көрінеді», «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кез»,
«суға кеткен тал қармайды», «қарусыз қолда жазық жоқ», «бел
байлау», «қазақ байыса, қатын алады, сарт байыса, там салады»,
«жүрегім жібімеді», «көкірекке құса байланды», «қияметтің қыл
көпірі»
тіркестері кездесіп, айтылмақ ойдың салмағын еселеп,
ұлттық танымды байқатып, экспрессивтік-эмоционалдық əсерді
тереңдете түскен.
Прозалық шығарма тілінде қайталанып келетін ырғақты
жолдар болады. Əрине, ырғақ сөзінің поэзиялық шығармаға тəн
екені белгілі. Алайда, ырғақтың прозаға да бөтен емес екендігін
152
20-жылдары зерттеуші Л. И. Тимофеев дəлелдеген еді. Проза
ырғағының көптүрлілігі тілдің табиғи ырғағын жасап, оның
ырғақты-бейнелі қозғалысын тудырып, көркем мəтін
тілінің
мəнерлілігін тереңдетеді. Көркем туындының ырғақты келуі
əрбір қаламгердің шығармашылық ерекшелігіне байланысты.
Х.Оралтай шығармасында «Қарашəрі аймағын басып, Гималай
тауын асып», «кек қайнап, намыс кернеп», «көкірегінде – иман,
кеудесінде – жан барда» деген тіркестің құлаққа əуезді естілуі
сыртқы ұйқасында ғана емес, ішкі үйлесімінен де туындап тұр.
Бұл ұйқасымды-үйлесімді тіркестер ойды анық, дəл, жеріне
жеткізе беруде үлкен роль атқарып тұр. Міне,
мұндай тіркестер
шығарма тіліне өзгеше шырай берген.
Біз «Елім-айлап өткен өмір» шығармасынан уақыт жағынан
бір-бірінен өрбіте баяндалған мол оқиға желісін, алуан түрлі
тағдырларды, тұрмыстық көріністерді, сол арқылы көрінетін
қаламгердің ой-толғамын, дүниетанымын байқаймыз. Автор шы-
ғармасындағы көркемдік бейнелеу құралдары,
оны қол данудағы
автордың өзіндік ерекшелігі туындының табиғатын аша түскен.
Əдеби шығармада сюжет оқиғалардың тізбегінен, яғни
кеңістік-уақыт қатынасындағы кейіпкерлердің өмірінен, бір-
бірімен алмасып отыратын əрекет-жағдайлардан тұратыны
белгілі. Роман оқиғасы өткен шақта баяндалып отырғанымен,
кей жағдайда кейінде болған оқиғалар ілгеріге шығып, автордың
нақтылауымен, толықтыруымен жалғасады. Мəселен,
Достарыңызбен бөлісу: