Оқулық Алматы, 012 удк


Қ. Шабданұлы «Қылмыс» романы



Pdf көрінісі
бет64/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

Қ. Шабданұлы «Қылмыс» романы. 
Көркем əдебиет - өнер-
дің бір түрі. Ал, өнерге шығармашылық қасиет тəн. Кез келген 
суреткер шығармашылық иесі ретінде өзінің көркемдік танымы 
мен шеберлігін, дарын қуатын жұмсау арқылы бейнелі, тың 
дүниелер жасауға тырысады. Ондай туындылардың халық жа-
дында қалатыны ақиқат. 
Жазушы Қ. Жұмаділов: “Шыңжаңдағы қазақ əдебиетінің 
өзгеге ұқсамайтын бір ерекшелігі, онда “түрмеде туған əдебиет” 
деп атауға болатын шығармалардың тұтас бір шоғыры бар. 
Шыңжаңда “түрме туындыларының” негізін қалаған - Таңжарық 
ақын. Жеті жыл (1940-1946) Үрімжі түрмесінде азап шеккен 
Т. Жолдыұлы шығармаларының жетпіс пайызын түрмеде отырып 
жазған. Арада жарты ғасыр өткенде оның жолын Қ. Шабданұлы 


155
жалғастырды. Өлеңнің жолы жеңіл, камерада бірге жатқандар 
жаттап алып, халыққа жеткізіп отырған. Ал қарасөзден тұ-
ра 
тын романдар циклін тілдей қағаздарға ұсақтап жазып, 
біртіндеп сыртқа шығаруды құдай басқа салмай-ақ қойсын” 
(5-б), деп бұл шығармашылықтың ерекшелігін аша түседі 
Шындығында да түрмеде өткен қанша ғұмыр өлеңмен, əнмен, 
хат немесе күнделікпен, көлемді туындылармен суреттелді. Бұл 
шығармалардың көркемдігі, шынайылығы терең болды. Түрме 
жағдайының өзі адамның шығармашылық мүмкіндігін кеңейтіп 
те отырғандай еді. Себебі, шығармашылық бағдар, алдын ала 
құрылатын жоспар жасаудан тыс, бақылап-байлаулы тірліктің 
жазалауға бейім жағдайында бар мүмкіндікті пайдалана отырып, 
болғанды сол күйінше қағазға түсіріп алудың өзі үлкен олжа еді. 
Сондай өзгеше ортада туған шығарма - “Қылмыс” романы. 
Зерттеуші Т. Жұртбай “Тағдырлы туынды” деген аңдатуында: 
“Тумысы бөлек, тағдыры оқшау, күрделі көркем ойлау жүйесі 
тосын əрі байырғы классикалық баяндау мəнерінде жазылған 
“Қылмыс” романы - қазақ сөз өнеріндегі құбылысты шығарма. 
Мұнда қадымнан тартылған көшпелілер əлемінен бастап XX 
ға 
сырдағы тағдырмен тістесе күрескен қазақ ұлтының тау-
қыметті тіршілігі психологиялық ішкі тартыс арқылы шынайы 
бейнеленген. Шығарманың көркем мəйегі түрмеде ұйығандықтан 
да, жазушының тістескен тағдырларды тістене отырып жазғаны 
əр сөйлемнің ширатылысынан анық танылады. Көркем кеңістік 
пен тарихи уақыттың ара-жігіне желі тартқан өмір шындығы мен 
көркем шындық, туындының болмысындағы табиғи шынайылық 
пен астарлы емеурін, эпикалық тыныс пен ызалы мысқыл, қа-
лыптасқан сөз тіркестері мен тосын тіркестер, қазақы қара тілден 
қорытылған күрделі ойлау жүйесі бапсыз таланттың тағдырымен 
жағаласқан қайсар рухының көркем тұжырымы екені даусыз” 
(7-б). Міне, осындай сипаттағы туынды авторының тағдыры да 
оқшау, өзгеше. Ол: “Бір ұлттың əдебиеті деңгейімен өлшесек те, 
əлемдік əдебиеттің өре-өлшемі тұрғысынан қарастырсақ та, аса зор 
суреткер. Ірі жазушы. Əдебиет сыншысы, аса білімді азамат. Мұрат 
Əуезовтің Альбер Камюмен салыстыруы да тегін емес” (5-б). 
Жазушының “Қылмыс” романы суреткердің көркем өмірбаяны 
ғана емес, халықтың өмірбаяны. Қазақтың ғұмырбаяны: қазақтың 


156
мінезі, қадір-қасиеті, көз жасы, кемшілігі, ерекшелігі, бағы, соры, 
елдігі, алабөтен сезімталдығы, сонымен бірге, сенімпаздығы, 
айырықша кірпияздығы, сонымен бірге көнімпаздығы... Бəрінен 
бұрын “Қылмыстың” əдеби формасын айтсаңызшы! Бұл жөнінде 
Қ. Жұмаділов: “ Жазушы жəне түрме. Қалам мен қапас. Əдетте 
сыйыспайтын-ақ ұғымдар. Екінші жағынан қарасаң, таңданатын 
да ештеңе жоқ сияқты. Империяға күні қараған кіріптар, бодан 
елдің өз ұлтын сүйген, азаткер зиялысы абақтыда отырмағанда 
қайтушы еді. Ресей империясында барар жерің итжеккен, 
Сібірдің ақырған аязы, ит тұмсығы өтпес тайга орманы... Ал 
Қытай қағанатында ондай суық Сібір жоқ. Оның есесіне Тарым 
бойлаған Такламакан шөлі бар. Саясыз, панасыз, жалаңаш шөл. 
Алпыс градус аптапта ұшқан құстың қанаты күйеді. Сібірде 
азап болса, Тарымда тозақ. Жазушы Шабданұлы жаза мерзімінің 
аттай жиырма жылын (1958-1978) осы Тарым лагерінде өткізді 
(3-б). Жұмаділов Қ. “Тас түрмені жарып шыққан тарлан сөз” 
(беташар)\\ (Шабданұлы Қ. Қылмыс. Көп томды роман. 1 том. 
- 2009.-416 б.) Қ. Жұмаділов тағдыры да, шығармашылығы да 
өзгеше, уақыт пен жағдайдың ырқына бағынбай ғұмыр кешкен 
қаламгердің болмысын аша отырып: “Ең ғажабы Қажығұмар өз 
шығармасына осынша ұзақ уақыт, сан алуан оқиғалар сыйып 
кетерліктей форма тапқан. Бұл да Батыстың емес, автордың өзі 
жақсы білетін Шығысының шарапаты. Жол нұсқаған сол баяғы 
“Мың бір түн”. Ежелгі араб ертегісінде “Ей, ұлы бақытты пат-
шам!” деп басталатын Шаһаризаданың бірінен бірі өткен хикая-
лары болмаушы ма еді. Мұнда да сол сияқты. Əр тараудың басында 
автор “Ей, менің тергеушім!” деп қайталап отырады”, - деп 
шығармасының құрылымдық-стильдік өзгешелігін ерекшелей 
кетеді (5-б). Автордың ұзақ жылдарға созылған қамаудағы ғұмыры 
романның өзегіне айналған. Соншалықты пешенесіне түрменің 
азабы жазылатындай бұл адамның қылмысы не еді? Адамның бір 
басына тəн жазықты болудың өлшеулі уақыты бар емес пе? Автор 
романы арқылы адам баласының тағдыр-талайына жазылған 
ғұмыр жайлы толғанады, баға береді. Мұның бəрі жеке адамның 
- автордың басынан өткен өмірі арқылы ашылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет