100
күн-түн сапарда келе жатқан қырық қыз шөлге ұрынады. Ақыры
қырық қыз да мерт болып, Сарын-Ару табаны ойылғандықтан
ақсаңдай басып жетiп, Қорқыттың қарасын көргенде ес-түссiз
құлайды. Қорқытқа қатысты аңыздардың тағы бiрi - қырық қыз
бен ақсақ қыз туралы. Аңыз айтады: қырыққыз бiрдей Қорқытқа
жетемiз деп сапарға шыққанымен, жолда ажал тауып, iштерiнде
жалғыз бiр ақсақ қыз ғана жеткен екен дейдi. Ендi бiр аңыз
айтады-Қорқыт күйiне өлердей ынтық болған ақсақ қыз абыз-
атамыздың жары екен дейдi. Ал, Иран-Ғайып қыздың ақсау себебi
- жол азабы, есiмi Сарын-ару дейдi. Ақын аңыз əлемiн кезе жүрiп,
жаңа бояу, тың желi мен соны оқиға тудырады.
Екiншi бөлiмдегi оқиға оғыз-қыпшақ елiнiң билеушi-бек
қаhаны қайтыс болып, оны жұрттың азалауы сəтiнен басталады.
Дауыстар бектiң тiрлiктегi бектiгiн, жақсылығын айтып, жоқ-
тайды. Осы сəтте «күн-тұтылып, жер қозғалғандай» болады.
Алыстан əуелi сарын жетiп, сонан соң Қорқыт келедi. Өлген
бектiң жанын қайта кiргiзбекшi болып, қоңыраулы асасын қолға
алып, бақсылығына басып, жындарын шақырады. Алайда əл-
дəрменi жетпейдi:
Достарыңызбен бөлісу: