Оқулық Алматы, 012 удк


«Аспанға көшіп кеткен ел»



Pdf көрінісі
бет36/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80
 «Аспанға көшіп кеткен ел» 
поэ 
масы. «Ақ қашып, қызыл қуған» дүрбелең заманның бір 
оқиғасын арқау еткен бұл туындының мазмұны мифтік-аңыз дық 
сипатта. Ақын кешегі күннің шындығы мен аңыздық оқиғаны 
қабыстырады. Бұл көркемдік тəсіл, асылы, халықтың рухани 
бітім- болмысын замана аясында тұтас сипатымен таныту мақ-
сатынан туған ізденіс нəтижесі болар. Ұйқасы мен маз мұ ны ның 
қиюласуында мін жоқ қара өлеңнің төгілген ыр 
ғағымен баян-
далған һəм суреттелген оқиға халық қасіретін көз алдымызға 
əкеле ді. Қазаққа бұйдаланып, бұл күнге боздап жеткен қара бура 
– қара өлеңге мұң шаққан ақынның өзі де халықпен бірге жасасып 
келе жатқан рухани бір тұлғаға айналған:
Қара өлең, сен де кəрі, мен де кəрі,
Мағлұм-дүр сырымыздың елге бəрі.
Дариға ай, не басталмақ, мен білмеймін,
Екеуміз опат болған жерден əрі.


92
Қара өлең, сен де ескірдің, мен де ескірдім,
Ескіріп, кебін кидік өлмес құлдың.
Бұл, бəлкім соңғы дастан біз жазатын
Бұл дəурен, енді айналып келмес құрбым.
Дастан жырлардың дəстүрлі бастамасы тыңдарманға қарата 
сөз бастау болса, бұл поэма қара өлеңмен сырласудан басталған. 
Қара өлең – ұлттың жаны мен жүрегі, рухы. Лирикалық 
қаһарман бұл жерде ақын болмысының шеңберінен шығып, 
тұтастай ұлт тық бейнеге айналған. «Мен де кəрі, сен де кəрі», 
«мен де ескірдім, сен де ескірдің» деген толғаныстар осыны 
айғақтайды. «Басынан неше түмен бұлт айналған заманның» 
зарын төге келе, ертегі айтып бермекке ниет еткен лирикалық 
қаһарманның əңгімесінің шешімі тосын. 
Сонымен, бұл ертегі, яки хикая не туралы?
...Ысқырып, жылан орап керегені,
У тамып шаңырақтан төбедегі.
Көшті ауыл көтеріліп түн ішінде
Ақ орда адыра қап дөдегелі.
Желіде құлын қалды сона талап,
Желінбей сүр ет қалды шара табақ.
Деген бар иесіз үй – киесіз үй,
Ақ төбет сұғынды-ай бір ала тамақ.
Бейбіт тіршілігі астан кестен болып, ауылдың көтеріле 
көш кені осындай суреттермен берілген. Заманның зобалаңы 
«жыланның керегені орағаны», «шаңырақтан удың тамғаны» 
түр ін де бейнеленген. Ауылды аяқ астынан дүрліктірген – қызыл 
əскер бері жүрді деген хабар. Ауылдың қызыл əскерден шошынуы 
да жайдан жай емес:
Өткен жаз бас көтерере абаданды
Сол қызыл қойша иіріп сабаған-ды.
Көктемде шошақ мылтық ақтар шауып,
Қарайған қара орманын талап алды.
Құдайға, Еділ анаға сыйынған ауыл құмға сіңіп жоғалған. 
Атты əскер ауылдың орнын сипап қалған. Иесіз қалған ауылды 
тінткен қызыл əскер «əруақтай ағараңдаған бір кемпірді» алып 
шыққан. Əруақ кемпірдің сипаты бөлекше:
Бұрмады əруақ-кемпір бетін бері,
Ақ тастан қашап қойған секілді өңі.


93
Ел қайда? Кімсің өзі? Неге қалдың?
Бастықтың етпеді əсер жекіргені
Паң кемпір, бекзат кемпір кереметтей,
Ол емес, қалбаң қағар ебелектей.
Ақ мая əсем басып келді міне,
Басқа ұрған дыр қамшыға елең етпей.
Оқиғаның ертегілік баяны осы жерден бастау алған. Кемпірдің 
басын шаппақ болған қылыш мойынға өтпей қалады. Орыс 
Иванның қылышы кеспеген мойынды нəн қазақтың қылышы 
кескен. Осы жерде тағы бір ғажап көрініс болады:
«Ал, балам, шөліңді бас, қанымды ішіп», –
Құлады жансыз дене шағыл құшып.
Сол мезет кесілген бас орынынан
Аппақ боп, сүт атылды, кəдімгі сүт!
Ананың сүті киелі. Киеге қол көтергенді əруақ атады делінетін 
түсінік бар. Бұл оқыс ғажап қызыл əскерді де шошытады. 
Шошынған əскер ауылды тастай қашқан:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет